Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Чистяков оқулары-2014

Қазақстан-Американдық еркін университеті 2014 жылғы сәуір айында Михаил Чистяковтың және өңірлік авторлардың шығармашылықтарын оқып -зерттеуге арналған «Чистяков оқулары» атты өңірлік семинар өткізетінін хабарлайды.

Семинар келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

1. Михаил Чистяковтың мұрасы. Өңірлік әдебиет.

2. Туған өлкенің білімі мен мәдениетінің мәселелері.

3. Өңірлік авторлардың мұрасы: әдебиет, көркем сурет, тілтану, саз.

4. Шығыс-Қазақстан: өткені мен бүгінгі күні

5. Тілдердің даму мәселелері

Мына байқаулар өткізілетіні хабарланады:

1. Мәтінді мәнерлеп оқитындар байқауы.

2. «М.Чистяковтың өлеңдеріне жазылған әндер» байқауы.

3. Авторлық өлеңдер байқауы.

Семинарда қолданылатын тілдер – қазақ, орыс.

Семинарды ұйымдастыру комитеті байқауға оқушылар мен студенттер жұмыстарынан басқа, көрсетілген бағыттар бойынша орта мектептің шығарылымдық сыныптар (9-11сыныптар), оқушыларының, колледждердің білім алушыларының, сондай-ақ магистранттардың ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарын да қабылдайды. Авторлық өлеңдер байқауына 5 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі оқушылар, мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауына 8 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі оқушылар қатыса алады. Коледж білім алушылары мен университет студенттеріне аталған байқауларға қатысуға шек қойылмайды. Семинар материалдарын ресімдеуге қажетті тапсырыстар мен тезистер 2014 жылдың 01 наурызына дейін қабылданады.

Семинарға қатысуға ұйымдастырушылық жарнасы (басып шығару шығыны) – 1200 теңге.

Өңірлік семинар жұмысы аясында шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.

Баяндама үшін тапсырыс үлгісі

1. Қатысушының аты, әкесінің аты, тегі.

2. Ғылыми жетекшінің аты, әкесінің аты, тегі.

3. Баяндаманың аталуы және бағыт нөмірі немесе тапсырыс беруші қай байқауға қатысатынын көрсету керек.

4. Жұмыс орны және академиялық дәрежесі– жетекші үшін, оқу орны, курсы, мамандығы– студент немесе оқушы үшін.

5. Баяндамаға техникалық қолдауға қажеттілік бар немесе жоқ екенін көрсетіңіз. (егер бар болса, не қажет екенін).

6. Байланыс мәліметтері (мекен жайы, телефон, E-mail —ерекше құпталады)

Семинарды ұйымдастыру комитетінің байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 86, 901 кабинет. Тел. 8 (7232) 23-12-55, fax 8 (7232) 23-12-53, e-mail, tanya_levina@mail.ru Электрондық поштамен тапсырыс жолдаған кезде «Тақырыбы» деген жолға «Чистяков оқулары» деп көрсетулеріңізді сұраймыз. Жолданған материалдар тақырыпқа сәйкес келмеген жағдайда ұйымдастыру комитеті материалды қабылдамауға құқылы.

Мәтінді мәнерлеп оқуға қатысатындарға қойылатын талаптар: Мәтінді мәнерлеп оқу байқауына қатысушының аты, тегі, өңірлік автор өлеңінің аталуы, жетекшісінің аты, тегі, әкесінің аты, мектеп нөмірі мен сыныбы, байланысу жолдары (телефоны, мекен жайы)  көрсетілген тапсырыстар қабылданады. Байқауға қатысуға  8-11 сынып мектеп оқушылары, колледж білім алушылары және ЖОО студенттері жіберіледі. Көлемі мәтіннің бір баспа бетінен аспайтын өлеңдерді оқуға болады. Барлық тапсырыстар 01 наурызға дейін қабылданады, байқау барысында ешқандай өзгертулер жасауға болмайды. Байқауға  әрбір  қатысушыға бір ғана өлең оқуға рұқсат беріледі. Тапсырыста оқу барысында техникалық сүйемелдеу қажет немесе қажет еместігін көрсетулеріңізді сұраймыз. Бір жетекшіден оқушылардың қатысуына екіден артық тапсырыс қабылданбайды.

 «М.Чистяковтың сөзіне жазылған ән» бағыты бойынша байқауға қатысуға қойылатын талаптар. Байқауға қатысуға берілетін тапсырыста қатысушының аты, тегі, әннің аты, байланысу жолдары көрсетілуі тиіс. Барлық тапсырыстар 01 наурызға дейін қабылданады, байқау барысында ешқандай өзгерістер жасауға болмайды. Байқауға әрбір қатысушының  бір ғана ән орындауына рұқсат беріледі. Қатысуға мектептің 8-11 сынып оқушылары, колледж білім алушылары және ЖОО студенттері жіберіледі. Әнді музыкалық аспаппен немесе цифрлық қондырғымен жазылған музыкалық сүйемелдеуде орындауға болады. Дауысты алдын-ала жазу рұқсат етілмейді.  Тапсырыста оқу барысында техникалық сүйемелдеу қажет немесе қажет еместігін көрсетулеріңізді сұраймыз.

Авторлық өлең байқауына қатысуға қойылатын талаптар.  2014 жылы  Қазақстан-Американдық еркін университетіне 20 жыл толады, оның қамқорлығымен көп жылдар бойы  «Чистяков оқулары» атты семинар өтеді  және  «Өңірлік авторлар мұрасы» атты баспалық жоба жүзеге асырылады. Авторлық өлең байқауы Қазақстан-Американдық еркін университетінің 20 жылдығына арналады. Аталмыш байқауға  қатысуға тілек білдіргендер қазақ немесе орыс тілінде өлең жазулары тиіс (көлемі бір интервал арқылы мәтіннің бір компьютерлік бетінен артық емес). Өлең төмендегі тақырыптардың біріне жазылуы тиіс:

  1. Менің Отаным (менің өлкем, менің қалам, менің ауылым және басқалары).
  2. Менің ұстазым (ұстазға немесе өңірдің көрнекті бір қайраткеріне арналған). Қызметі өңір шеңберінен шығатын аса танымал қайраткерлерге арналған өлеңдер байқауға жіберілмейді.
  3. Қазақстан-Американдық еркін университетінің 20 жылдығына арналған өлең.

Тапсырыс жасалған тақырып өлеңнің аталуы бола алмайды! Автор өлеңнің аталуының өз нұсқасын ұсына алады!

Авторлық өлең байқауына қатысушының тегі мен аты, өлеңнің аталуы, өлең мәтіні бар  тапсырыстар қабылданады. Сонымен қатар жетекшінің тегі, аты мен әкесінің аты, мектеп нөмірі мен сыныбы, байланыс мәліметтері көрсетіледі (телефоны,мекен жайы). Қатысуға мектептің 5-11 сынып оқушылары, колледж білім алушылары мен ЖОО студенттері жіберіледі.  Барлық тапсырыстар 01 наурызға дейін қабылданады,байқау барысында ешқандай өзгерістер енгізуге болмайды. Өлеңсіз тапсырыстар қарастырылмайды. Ұйымдастыру комитеті тапсырыс берілген тақырыпнамаға сәйкес келмеген өлеңді қайтаруға құқылы.

 БАЯНДАМАҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ РЕСІМДЕУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

Компьютермен 14 Times New Roman шрифтімен терілген 3 беттен 7 бетке дейінгі  көлемде, мәтін 1 интервал арқылы,  жаңа жол алдында – 1см, шеттік сызықтарының барлығы –3 см. жазылуы тиіс.

ҮЛГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫН ЭКОЛОГИЗАЦИЯЛАУ

Петров А.В.

Қазақстан-Американдық еркін университеті, Өскемен қаласы, Қазақстан.

Мәтін (міндетті түрде мәтіннің  өзектілігін негіздеу керек)

Әдебиеттер тізімі (қажет болған жағдайда)

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru