Карьера мен тұлғаны дамыту орталығы

2005 жылдың маусым айында Өскемендегі Қазақстан-Американдық университеті базасында  (ҚАЕУ) Көшбасшылыққа Оқыту Орталығының құрылуы туралы ресми түрде хабарланды.

КОО-ның қызметі о бастан АҚШ Халықаралық даму бойынша Агенттікпен қаржыландырылған Евразия қоры мен AES корпорациясының қолдауымен жүзеге асырылды.   2011 жылы қараша айында КОО Карьера мен тұлғаны дамыту орталығы болып өзгертілді.    

Орталықтың мақсаты  – басқару дағдыларын жақсарту үшін білім бағдарламалары мен тренингтерді, көшбасшылық әлеуетті қамтамасыз ету және жоғары мен орта звенодағы менеджерлерінің, сонымен қатар ҚАЕУ студенттері мен оқытушыларының Шығыс Қазақстан  жұртшылығының өрісін кеңейту.  Карьера мен тұлғаны дамыту орталығы келесі бағыттар бойынша жоо-ның негізгі басымдылықтарына сәйкес дағдылар, шеберліктер, кәсіптік білімді тереңдету, кадрларды қайта дайындау, біліктілікті арттыру саласындағы кәсіптік даму бағдарламасы бойынша жоғары сапалы білім беру қызметін ұсынуға маманданады. 

«Басқарушылар үшін іскер әкімшілдік  Магистратурасы» бағдарламасы   

Іскер әкімшілдік магистрі дәрежесі бар маман экономиканың кез келген саласындағы кәсіпорынның (бөлімшенің) басқарушы-ұйымдастырушы қызметін орындауға дайын басқарушы-маман болып табылады. МВА бағдарламасы бойынша оқу жаңа білімдерді алу дағдысын ғана емес оларды шығармашылық өңдеу және бизнес процесте пайдалануды қарастырады.    Күрделісі  мінез-қылық стереотипі мен іскерлік дағдылардың айтарлықтай бөлігінен, әдеттегі және қолайлы ойлау тәсілдерінен бас тартудың аса күрделі талабы бойынша мәселені көтереді.      Кез келген топ-менеджер немесе кәсіпорын басшысы басқарудың кейбір әдістерінің тиімділігі төмен және ауыстыруды қажет ететінін мойындай бермейді.  Тек МВА бағдарламасының ұзақ және тар жол тайғақ кешуін бастан кешірген менеджер ғана бойында пайда болған өзгерістерді сезіне бастайды.Қазақстан-Американдық еркін универсиеті жоғары білікті менеджерлерді дайындауда нарық талаптарын қанағаттандыруға ұмтылып батыс стандарты негізінде отандық МВА бағдарламасын  жасады.

Бағдарламаның айрықша негізгі ерекшелігі оның қазақстандық- және халықаралық бизнес үшін менеджерлерді дайындауда практикалық бағыттылығы, МВА халықаралық стандартына бейімделуі болып табылады. ҚАЕУ-дегі МВА барлық бағдарламасының басты мақсаты қазақстан нарығында қазіргі замандағы динамикалық түрде өзгеретін компанияларды басқару кезіндегі шешімдерді қабылдау қажеттілігін, кәсіби менеджер дағдылары мен білім жүйесін тыңдаушылардың бойында қалыптастыру болып табылады. Сыртқы орта мен ұйымның стратегиялық көрінісін көре білетін менеджерлерді дайындау; шешім қабылдау, ұйымның құндылығын анықтау және дамыту. 

Бағдарламаның негізгі бағыттары:

 Оқытушылар құрамы

МВА бағдарламасында оқу процесін қамтамасыз етуде маңызды звено оқытушы болып табылады, ол жоо-ның әдеттегі оқытушысынан ерекшеленіп тұрады. МВА бағдарламасындағы оқытушы ересектер аудиториясымен жұмыс істей білуі, бизнес әлемінен кез келген сұраққа жауап беру үшін жеткілікті дәрежедегі құзыреттілігі болуы қажет. Ол үшін оның практикалық жұмыс бойынша бай тәжірибесі болу керек. ҚАЕУ-де МВА бағдарламасында оқытушылар құрамын құруда дәл осы тәсіл үлкен жетістікпен қолданылады. ҚАЕУ-дегі МВА оқытушысының рөлі – тыңдаушыны қызықтыру, мәселені ашу, оны шешудің тәсілдерін көрсету.  Ал тыңдаушылар өз бетімен жұмыс істей отырып оңтайлы шешімді таба білулері керек. Оқытушылар мен тыңдармандар білім беру процесінің жетекшісі ретінде емес, серіктестер ретінде қарастырылады.    Бұл оқытушыға тыңдаушымен орындалған білімді бағалауға кедергі болмайды.  

Оқыту әдістемесі

ҚАЕУ-де МВА бағдарламасында оқытудың әр түрлі әдістері қолданылады: дәрістер, нақты жағдайлар (кейсы), іскерлік ойындар, тренингтер, жеке және топтық жобалар, презентациялар, өзіндік жұмыстар. Оқыту жүйесі әр оқылған пән жаңа білім мен дағдыларды игеруге қызмет етеді.   

Аталған бағдарлама аясында тыңдаушылармен:

«Басқарушылар үшін бизнес-әкімшілік Магистратурасы» бағдарламасы ҚАЕУ-де МВА халықаралық бағдарламасының (Master of Business Administration) құрылымына сәйкес әзірленген.     Бағдарламаға жалпы тағайындау курстары енгізілген, бірақ ол айтарлықтай практикалық бағыттағы жалпы тағайындаулар (30% - теория, 70% - жаттығу, практика).

МВА бағдарламасының негізгі курстары

  1. Басқару экономикасы 
  2. Басқару есебі
  3. Корпоративтік қаржы
  4. Бизнес-этика
  5. Кәсіпкерлік құқық
  6. Маркетинг
  7. Халықаралық бизнес
  8. Жобаларды басқару
  9. Қызметкерлер құрамын басқару
  10. Корпоративтік басқару
  11. Стратегиялық менеджмент
  12. Ғылыми зерттеу негіздері

МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 10 айды құрайды.

Бизнес-тренингтер

Тренингтер Вирджения университеті Дарден  іскелік әкімшілік мектебінің көшбасшылыққа оқыту бағдарламасы негізінде әзірленген.   Аталған университеттің бизнес бағдарламасы әр түрлі компаниялар тәжірибелері бойынша  нақты жағдайларды зерттеуге қатысты команда құру және осы аталған жағдайлар негізіндегі шешім қабылдаудың  білім беру әдістемесі АҚШ-ның  үздік он бағдарламасының құрамына енеді. Қазақстанның Менеджмент, Экономика және  болжау институтының (ҚМЭБИ) оқытушылары – осы аталған жоба бойынша ҚАЕУ серіктестері, олар болашақта ҚАЕУ оқытушыларына тренингтерді өткізу дағдыларын табыстау мақсатында кейстерге негізделген  бағдарламаны меңгерді және  Қазақстандағы жағдайға бейімдеді.

Тренингтердің мақсаты жоғары және орта звено менеджерлеріне көмектесу, өздерінің  көшбасшылық қасиетін жақсарту, көшбасшылықтың тәсілдерін арттыру, ұйымдағы менеджердің рөлі мен көшбасшылық әдістерге ықпалынан тұрады.    

Карьера мен тұлғаны дамыту орталығы ұсынатын тренингтік бағдарламаның атаулары:

Тренингтік бағдарламаны аяқтаған соң сертификат беріледі.  

Тілдік курстар

Карьера мен тұлғаны дамыту орталығы төмендегі бағыттар бойынша ағылшын тілінің көп деңгейлі курстарын әзірлеу мүмкіндігі бар:

Бітірген соң сертификат беріледі.  

АҚШ университеттерінде жеке пәндерді қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастыру

Қашықтықтан оқытудың пайда болу процесі Қазақстанда  білім беру саласындағы жаңа және тиімді технология ретінде интенсивті, бірақ  күрделі даму сатысында.  Республикада көптеген ЖОО-ы қашықтықтан оқытуды дамыту процесіне енгізілді.  ҚАЕУ заманауи білім беру технологияларын  оқу процесіне  енгізу үшін белсенді қызмет жүргізуде. 2003 жылдан бастап ҚАЕУ студенттерге АҚШ-дағы университеттерінен қашықтықтан оқыту курстарынан өтуге мүмкіндік береді:

келесі пәндер бойынша:

Курсты аяқтаған соң студенттер батыс үлгідегі сертификатқа ие болады. .

Қала ұйымдарымен бірлескен жобалар

Қазақстан-Американдық еркін университеті мен № 24 орта мектеп арасында бірлескен білім беру қызметі туралы бірлескен жоба жұмыс істейді. Аталмыш жоба «мектеп-жоо» жүйесінде бірлескен білім беру қызметін, оқу мерзімі мен оқыту түрін қарастырады және үздіксіз білім беру сабақтастығының сатысын қамтамасыз етеді. Аталмыш жоба аясында ҚАЕУ базасында ағылшын тілі пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру процесі өтеді.

Описание: C:\Users\Alexandra\Desktop\museum\фото центра\IMGP8062.JPG Описание: C:\Users\Alexandra\Desktop\museum\фото центра\IMGP8182.JPG Описание: C:\Users\Alexandra\Desktop\museum\фото центра\IMGP8878.JPG Описание: C:\Users\Alexandra\Desktop\museum\фото центра\IMGP7914.JPG