Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Білім алушылар

Ауысуды рәсімдеу үшін:

  1. Жоғары оқу орындарында ауысу және қайта қабылдау ережелерімен танысу.
  2. Оқу нысанын, курсын, білім беру бағдарламасын, оқу тілін анықтау үшін офис-тіркеушіге (413,314 каб) жүгіну. Оқу құнының 10 %-ы  алдын-ала төленгені туралы бухгалтерияның белгісі бар және деканның қолы қойылған қайта қабылдау  өтінішіне қосымша алу.
  3. Студенттерге қызмет көрсету орталығына барып, өтініш рәсімдеу.

Өзіңізбен бірге:

ü  Білім алушы ауысатын ЖОО ректорының атына елтаңбалы мөрі бар өтініш;

ü  ҚАЕУ деканатының өтінішіне қосымша/декан, бухгалтерияның қолы;

ü       Декан жазған транскрипт және баска ЖОО деканатының мөрі;

ü  Білімі туралы құжаттың көшірмесі;

ü  Оқуға түсу емтихандарының нәтижелері / ҰБТ, ТКТ сертификатының көшірмесі немесе басқалар/;

ü       Жеке куәлік /сәйкестендіру үшін/;

ü       фото 3*4 – 6 дана;

ü       медициналық анықтама (086У формасы)/Шетелдік ЖОО/;

Ескерту: Егер білім туралы құжатты шетелдік ұйым берген болса, онда ҚР нострификациялау рәсімінен өту қажет.

4. 2 данада шарт жасалады.

5. Өтінішті қарау кезеңі – 5 жұмыс күні.

6. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша біздің ЖОО-на ауысу туралы бұйрық дайындалады.

7.  Сіздің оқуға қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін сіз бұрын оқыған ЖОО-на жеке ісіңізді жіберу туралы сұраныс жібересіз.

8. Осы сұраныстың негізінде сіз ҚАЕУ-ге ауысуынызға байланысты, оқуды жалғастыру үшін бұрынғы мекемеден шығарыласыз.

Оқудан шығару туралы бұйрық шыққаннан кейін бұрын оқыған университетке кету парағын тапсыру қажет.

  1. Бұйрық шыққаннан кейін сіз:
  • Оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты анықтау үшін оз факультетініздің офис-тіркеушісіне барасыз (оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты тапсыру – ақылы рәсім);
  •  «Рlatonus»ААЖ тіркеу үшін логин, пароль алу.
  •  Сынақ кітапшасын, студенттік билетті алу.

 

Білім алушыларды басқа жоо-ға ауыстыру

 

Ауысуды рәсімдеу үшін:

  1. Аудару және қайта қабылдау ережелерімен танысу.
    1. Деканатта транскрипт беру туралы өтініш жазу.
    2. ЖОО-ның толық атауын көрсете отыра, басқа ЖОО-ға ауысу туралы Студенттерге қызмет көрсету орталығында өтініш рәсімдеу.

Өзіңізбен бірге:

ü Транскрипт;

ü Оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы бухгалтериядан белгі;

ü Жеке куәлік/сәйкестендіру үшін;

ü Кету парағы.

  1. Осы қызметті рәсімдеу кезеңі – 3 жұмыс күні.
  2. Өтінішке жеке істерден басқа ЖОО-ға ұсыну үшін ҰБТ немесе ТКТ аттестатының немесе дипломының және сертифкатының көшірмесі қоса беріледі.
    1. Аяқталмаған білім туралы анықтаманы рәсімдеу үшін өтініш жазу (академиялық анықтама).
    2. Жеке іс ұсынылған ресми сұраныс пен басқа ЖОО-ға ауысу туралы бұйрықтың көшірмесі негізінде жіберіледі.

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ БАСҚА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА/МАМАНДЫҒЫНА НЕМЕСЕ ОҚУ НЫСАНЫНА АУЫСТЫРУ

 

Ауысуды рәсімдеу үшін сіз:

1.     Аудару және қайта қабылдау ережелерімен танысу.

2.     Офис-тіркеушіге жүгіну.

2.1 Басқа оқу түріне ауыстыру кезінде:

  • Оқыған оқу орнындағы офис-тіркеушіден деканаттың қолы мен мөрі бар транскрипт алу;
  • Офис-тіркеушіге  барып (каб.413,314) оқыту нысанын, курсын, білім беру бағдарламасын айқындау. Деканның қолы қойылған және оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы бухгалтериядан белгі қойылған ауыстыру туралы өтінішке қосымша алу;
  • 2.2 Басқа білім беру бағдарламасына ауысу кезінде:
  • Офис-тіркеушіге барып  оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы бухгалтериядан белгі қоюмен ауыстыру туралы өтінішке қосымша алу;;

3.   Студенттерге қызмет көрсету орталығына барып аударуға өтініш рәсімдеу.

Өзіңізбен бірге:

ü Салыстыру ведомосі;

ü Жеке куәлік / сәйкестендіру үшін/;

ü Өтінішке қосымша.

4. Шартты 2 данада қайта ресімдеу.

5. Өтінішті қарау кезеңі-5 жұмыс күні.

6. Арызды қарау қорытындысы бойынша ауыстыру туралы бұйрық дайындалады. 

7.  Бұйрық шыққаннан кейін:

  • оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты анықтау үшін өз факультетінің офис-тіркеушісіне жүгіну;
  • сынақ кітапшасына өзгерістер енгізу.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru