ҚАЕУ Президентінің үндеуі

2710

Құрметті абитуриенттер!

Сіздер бүгін маңызды таңдау алдында тұрсыздар. Бұл таңдау тек қана жоғары оқу орнын ғана емес, сонымен қатар мамандықтарыңызды таңдау болып табылады. Сіздердің келешекте өз мүмкіндіктеріңізді қаншалықты жүзеге асыра алатындарыңыз және лайықты өмір сүрулеріңіз осы таңдауға байланысты. Қазақстан және шет елдердің білім беру нарығы білім алу үшін кең таңдауға мүмкіндік береді. Соңғы сөзді сіздер айтасыздар. Бірақ сіздердің шешімдеріңіз дұрыс болу үшін сіздер оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары, олардың басымдықтары туралы толық хабардар болуларыңыз керек. Қазақстан-Американдық еркін университетіндегі жоғары білікті мамандар даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі бакалавриат, магистратура және Ph.D докторантура арқылы кредиттік технологияда жүзеге асырылады.

Университет ҚР Білім және ғылым министрлігініңекі аттестациясынан, бизнес-мектептер және бағдарламалардың американдық Аккредитациялық Кеңесінде экономикалық мамандық тарбойынша арнайы халықаралық аккредитациясынан өтті. Халықаралық бедел студенттерге қосымша мүмкіндіктер беріп, университеттің халықаралық білім нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.
ҚАЕУ білім алатындар – дарынды, талантты жастар, олар білім мен ғылымды сүйетін жаңа ғасыр адамдары. ҚАЕУ - Сіздің университетіңіз!

 


                                                                                                                                                                                               ҚАЕУ Президенті, ҚРҰҒА академигі Е.Мамбетказиев