Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Бакалавриат

Жалпы мәлімет

ЖОО-на түсу үшін мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеу үлгісінде бітіру және түсу емтихандарын тапсырады. 

ҚАЕУ-де келесі оқу түрлері жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі. Барлық оқу түрлерінде техникалық және кәсіптік және жоғары білім базасы негізінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы қысқартып білім беру бағдарламалары қарастырылған. ҚАЕУ-не орта білім негізінде күндізгі және кешкі оқыту түріне қабылдау талапкерлердің өтініші негізінде ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі  берілген сертификат балдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен (БҒМ ҰТО) әзірлеген технологиясы бойынша өткізілген ҰБТ нәтижесіне  сай конкурспен қабылданады.     

Талапкерлерді қысқартып білім беру бағдарламасымен кешкі оқыту түріне қабылдау ҰБТ нәтижесі бойынша (ТжКБ), сонымен қатар жоғары оқу орнында өткізілетін емтихандар негізінде (жоғары білім базасында) университеттің қабылдау комиссиясымен жүзеге асады.     

Қысқартып білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі: -2 жыл; орта техникалық және кәсіптік білім бар тұлғалар үшін (сәйкес мамандықтар бойынша)-3 жыл. Егер талапкер колледжден кейін мамандығына сәйкес келмейтін мамандықты таңдаса ЖОО-ның күндізгі оқыту түрі бойынша оқу мерзімі -4жыл.


 
 



Білім бағдарламалары

«Бизнес» кафедрасы

 6В04101  «Менеджмент» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: 6В04101 «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры. 

Біліктілік сипаттамасы: бизнес және басқару бакалавры келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай білуі қажет: басқару-ұйымдастыру, экономикалық-жоспарлау, зерттеу, әлеуметтік даму және материалдық өндірісті басқару саласындағы педагогикалық және коммерциялық қызметтер.  бизнес және басқару бакалаврының тұтастай алғанда кәсіпорындар мен ұлттық экономиканы басқарудың даму тенденциялары туралы ұғымы,  туындаған мәселелердің негізгі құбылыстарының маңызын ұғыну, өнідіріс ұйымының және ұйымдар мен кәсіпорындарды бақару негізін білуі қажет; әкімшілік, басқару қызметтерді сапалы орындай білу, сыртқы ортаның динамикалық дамуының стандартты емес жағдайындағы мәселелер мен практикалық міндеттерді шеше білу дағдысы болу керек; экономика саласында ұйымдар мен кәсіпорындарды басқаруда жан жақты білімді болуы қажет. 

Кәсіптік қызмет нысандары: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.

6В04102  «Менеджмент» білім беру бағдарламасы, «Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры

Біліктілік сипаттамасы: бизнес және басқару бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: материалдық өндіріс пен әлеуметтік дамуды басқару саласында ұйымдастырушылық - басқарушылық, жоспарлы-экономикалық, зерттеу, педагогикалық және коммерциялық. Бизнес және басқару бакалавры кәсіпорындар мен жалпы ұлттық экономиканы басқарудың даму тенденциялары туралы түсінікке ие болуы, туындайтын проблемалардың негізгі құбылыстарының мәнін түсінуі, кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруды және өндірісті ұйымдастыру негіздерін білуі тиіс; басқарушылық, әкімшілік, функцияларды сапалы орындай білу; динамикалық дамып келе жатқан сыртқы орта жағдайында стандартты емес жағдайларда практикалық міндеттер мен проблемаларды шешу дағдысының болуы; экономика, кәсіпорындар мен ұйымдарды ұйымдастыру және басқару саласында құзыретті болуы, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.

Кәсіби қызмет нысандары:  коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде халықаралық ұйымдар.                   

    6В04102 «Қаржы» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:  6В04102«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы:  білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры өз мамандығына сәйкес қаржы-кредит жүйесінде ғана емес сонымен қатар оның нақты бір саласындағы кәсіптік қызметке дайын болуы   макро және микро деңгейдегі қаржы саласы мен валюта-кредиттік, қаржы саласындағы ақша айналымы бойынша жеткілікті дәрежеде білімі керек,   қаржы, ақша айналымы мен кредит, салық салу, валюта-кредиттік қатынас, қаржылық-банк қызметі, бухгалтерлік есеп, қаржылық бақылау, аудит пен шаруашылық қызметтік талдау, статистиканың игерілген мамандық саласындағы заң жүйесін, экономикалық-математикалық моделдеу, маркетинг пен менеджмент, компьютерлік жүйе және басқа да пәндер саласында теориялық және практикалық дағдысы болу қажет.  

Кәсіптік қызмет нысандарыреспубликалық және территориялық деңгейдегі мемлекеттік органдар;  ҚР қаржы Министрлігі, ҚР Ұлттық банк; ведомстволар мен Министрліктің экономикалық қызметтері;  банктер, биржалар,  бюджеттік мекемелер мен ұйымдар;  инвестициялық қорлар; қаржы органдары, салық органдары, қаржы компаниялары; сақтандыру компаниялары;  фирмалар, әр түрді шаруашылықты жүргізу субъектілері.

6В04104 «Қаржы» білім беру бағдарламасы, «Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: 6В04104 «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры

Біліктілік сипаттамасы: экономика бакалавры қаржы - несие жүйесі саласында да, өзінің мамандануына сәйкес оның нақты салаларында да кәсіби қызметке дайын болуы тиіс, ақша айналымы, валюта-несие және қаржы салаларында макро және микродеңгейде қажетті білімді меңгеру, қаржы, ақша айналымы және кредит, салық салу, валюталық-кредиттік қатынастар, қаржы-банк қызметі, бухгалтерлік есеп, қаржылық бақылау, шаруашылық қызметті талдау және аудит, статистика, сатып алынатын мамандық саласындағы заңнама, маркетинг және менеджмент, экономикалық-математикалық модельдеу, экономикалық ақпарат, компьютерлік жүйелер және басқа пәндер саласында теориялық білім мен практикалық дағдыға ие болу, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.

Кәсіби қызмет нысандары:  республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар; ҚР Қаржы министрлігі; ҚР Ұлттық Банкі; Министрліктер мен ведомстволардың экономикалық қызметтері; банктер, биржалар, бюджеттік мекемелер мен ұйымдар; инвестициялық қорлар; қаржы органдары, салық органдары, қаржы компаниялары; сақтандыру компаниялары, фирмалар, түрлі нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілер, халықаралық экономикалық қызметтер 

6В04101 «Экономика» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:     6В04101 "Экономика" білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры

Біліктілік сипаттамасы:  экономика бакалаврының экономикалық және ұйымдастыру сипатында  арнайы теориялық білім мен практикалық дағдысы болу қажет,  ақпарат өңдеуді, сыртқы ортаның даму жағдайында шешім қабылдауды,   жағдайға байланысты басқарудың теориялық және практикалық дағдысы, заманауи технологияларды жинау, қолдану, ақпаратты өңдеу, сақтау дағдысын игеруі қажет,  тәуекел мен белгісіздік үшін жеткілікті дәрежеде теориялық дайындығы болу керек.  

Кәсіптік қызмет нысандары:  қызмет түріне, көлеміне, меншік түріне қатысы жоқ ұйымдар мен фирмалар, меншік түрлері мен қатысушы санаттары (ҚР резиденттер мен резиденттік емес), қоршаған ортаны қорғау және әр түрлі деңгейде табиғатты тиімді пайдалану мекемелері, жалпы білім беру мекемелері (гимназиялар, колледждер); ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдар.

  6В04103 «Есеп және  аудит» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: 6В04103 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша экономика  бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы:  аталмыш пәннің бакалавры ұйымдағы қаржы, шаруашылық және басқару қызметін: шаруашылық операцияларды тіркеуді, ҚЕХС сәйкес қаржы есептерін құрастыра білу;   АХС сәйкес қаржы есебінің аудиті мен талдаумен жұмыс істей білу дағдысы болу керек.

Кәсіптік қызмет нысандары:  кәсіпорын мүліктері, оның міндеттері, құрамы өзгеріске ұшыраған капитал мен шаруашылық операциялары,  активердің орналасуы және оның қалыптасу негізі, сонымен қатар экономиканың түрлі саласы бойынша саланың ерекшеліктері ескерілген  ұйымдардың қызметі:    мемлекеттік басқару органдары, (Министрліктер мен ведомстволар, Салық комитеті, ҚР Статистика бойынша Агенттігі): ғылыми-зерттеу мекемелері, ұйымдар мен фирмалар.


6В04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: 6В04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы:  экономика және бизнес бакалаврының экономиканы мемлекеттік басқарудың теориялық-әдістемелік және ұйымдық негізі туралы ұғымы болу керек, ауыл шаруашылығын тиімді сәйкестікпен қамтамасыз ету, макроэкономикалық процестерді реттеу; ауыл шаруашылығын басқарудың нарықтық және жоспарлы моделдерін байланыстыру әдістері мен негіздері туралы ұғымы, оның шешімі бір мезгілде жалпы мемлекеттік, салалық және аймақтық мүдделерді есепке алуды талап етеді; жалпы экономикалық және мемлекеттік басқару органдарының қызметін ұйымдастыру негізі мен құрылымын білуі қажет.

Кәсіптік қызмет нысандары:  Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Аппараты;  ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері, экономиканы және қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстоволар және агентсттіктер);  жергілікті басқару органдары (аудан, облыс, қала әкімшіліктері); атқару органдарының аппараттары;  ұлттық мемекеттік және жеке компаниялар, концерндер,  корпорациялар және т.б..


 6В11101 «Туризм» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:   қызмет көрсету саласының бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы:  қызмет көрсету саласының бакалавры төмендегі атқару қызметтерін орындауға дайын болу керек: заманауи туристік саланы объективті бағалай білу, кадрлық және материалдық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сонымен қатар өз елінде және шетелде туристік нарықтың дамуын дәлелмен болжай білу;  туристік қызметтің болашақ бағыттарын анықтау,  туристік-экскурсиялық және қонақ үй қызметінде жедел турларды тартымды экзотика элементтерін қатыстыра отырып қызмет көрсетудің жоғары сапасы бойынша тиімді бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге  асыру, қажетті мемлекеттік және жеке ұйымдармен, туристік фирмалармен, агенттіктермен, қонақ үйлермен, кеден және салық қызметтерімен, шекаралық биліктермен, ішкі істер органдарымен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен, туристік индустрияны басқару құрылымдарымен өзара әрекетті ҚР-да, шетелде  тиімді жүзеге асыру.   

Кәсіптік қызмет нысандары:  туризм ұйымына қатысты (министрлік, әкімшілік, олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары) мемлекеттік басқару органдары;  туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар; туристік бағытттағы консалтингтік компаниялар; туристік кәсіпорынның маркетингтік қызметтері; туризмнің инфрақұрылым нысандары; туризм бойынша орта буын мамандарды дайындайтын оқу орындары; туризмнің даму мәселесін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары; ішкі және сыртқы нарықта туристік қызмет көрсетумен айналысатын жарнама агенттіктері; төтенше жағдайлар бойынша Министрлік жүйесінің ұйымдары.

6В11101 «Туризм» білім беру бағдарламасы, «Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: 6В11101 «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр

Біліктілік сипаттамасы: қызмет көрсету саласындағы бакалавр келесі функционалдық міндеттерді орындауға дайын болуы тиіс: материалдық және кадрлық қамтамасыз етуді қоса алғанда, туристік саланың қазіргі жай-күйін объективті бағалау, сондай-ақ өз елінде және шетелде туристік нарықтың дамуын болжау; туристік қызметтің перспективалық бағыттарын анықтау, туристік-экскурсиялық және қонақ үй қызметінің тиімді бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, экзотикалық және жоғары сапалы қызмет көрсету элементтері бар турларды жедел құрастыру; қажетті мемлекеттік және жеке ұйымдар мен мекемелермен, туристік фирмалармен, агенттіктермен, қонақ үйлермен, кеден және салық қызметтерімен, шекара биліктерімен, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарымен, ҚР және шетелдердегі туристік индустрияны басқару құрылымдарымен өзара әрекетті тиімді жүзеге асыру, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.

Кәсіби қызмет нысандары: туризмді ұйымдастыруға байланысты мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер, әкімдіктер, олардың өңірлік бөлімшелері мен құрылымдары); туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар; туристік бейіндегі консалтингтік компаниялар; Туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері; туризм инфрақұрылымының объектілері; туризм бойынша орта буын мамандарын дайындайтын оқу орындары; туризмді дамыту проблемаларын зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары; ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметтерді жылжытумен айналысатын жарнама агенттіктері; Халықаралық туристік және жарнамалық агенттіктер.

6В04101 «Экономика» білім беру бағдарламасы, «Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: 6В04101 "Экономика" білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры

Біліктілік сипаттамасы: экономика бакалавры Экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттерді шешуге, ақпаратты өңдеуге, серпінді өзгеретін сыртқы орта жағдайында шешімдер қабылдауға қатысты арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылар кешенін игеруі тиіс,  ахуалдық басқарудың теориялық және практикалық дағдыларын, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің заманауи технологияларын қолдану дағдыларын меңгеру, белгісіздік пен тәуекел үшін жеткілікті теориялық дайындығы болуы, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.

Кәсіби қызмет нысандары: Қызмет түріне, көлеміне, меншік нысанына және қатысушылардың санатына (ҚР резиденттері мен бейрезиденттері) қарамайтын ұйымдар мен фирмалар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану бойынша әртүрлі деңгейдегі мекемелері, жалпы білім беру мекемелері (гимназиялар, колледждер); ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары, халықаралық экономикалық қызметтер.

6В06101 «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:   6В06101 «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры ақпараттық жүйенің әр түрлі компоненттері мен тұтас ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және жобалай білуге дайын болуы керек;  ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын орнату, басқару, конфигурациялау; ақпараттық жүйелердің мәліметтер базасын жобалау және басқару;  ақпараттық жүйелер мен олардың элементерін ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және ұйымдық құқықтық қамтамасыз етуге сүйене отырып жүзеге асыру.
Кәсіптік қызмет нысандары: ақпараттық жүйелер мен желілерді ұйымдық-құқықтық және техникалық, бағдарламалық, ақпараттық, математикалық жағынан олардың жобалау әдістері мен тәсілдерін бірге әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу және эксплуатациямен қамтамасыз ету.

6В06102 «Есептеу теxникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы

Берілетін дәреже: 6В06102 "Есептеу теxникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялар саласының  бакалавры

Біліктілік сипаттамасы. Ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялар саласының бакалавры кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады: есептеу теxникасы құралдарын, компьютерлік ақпаратты өңдеу мен басқару жүйелерін жүзеге асыру үшін бағдарламалау құралдарын қолдану; кәсіби қызмет нысандарын математикалық, ақпараттық және бағдарламалық элементтермен қамтамасыз етуді жобалау; кәсіби қызмет нысандарының жұмыс істеуімен байланысты есептеуіш және ақпараттық үрдістердің математикалық және бағдарламалық үлгілерін жасау және зерттеу; математикалық құбылыс үлгілерін, үрдістер мен есептеу теxникасының амалдар жүйесін таңдау және жүзеге асыру;  теxнологияны, құрал-саймандық бағдарламалық амалдарды және өңдеу үрдісін жүзеге асыруда, кәсіби қызмет нысандарын зерттеуде есептеу теxникасы құралдарын таңдау; ақпарат пен басқаруды өңдейтін есептеу теxникасы мен компьютерлік жүйелерді жүйелік, құрал-саймандық, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету, орнату және қалпына келтіру; бағдарламалық өнімді, ақпарат пен басқаруды өңдейтін компьютерлік жүйелерді ілестіру; математикалық, ақпараттық, теxникалық, эргономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз етуді өңдеу мен пайдалану,  ақпарат пен басқаруды өңдейтін компьютерлік жүйелердің (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер мен жүйелер) есептеу теxникасы құралдарын бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу.

Кәсіби қызмет нысандары: есептеу теxникасы мен түрлі салада бағдарламалық қамтамасыз етуді дамытатын, енгізетін, қолданатын мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар мен мекемелер, дәлірек айтқанда, машина жасау, көлік, телебайланыс, ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясында, әкімшілік басқаруда, экономикада, бизнесте, түрлі теxнологиямен басқаруда, яғни, қызметтің барлық аясында. 

6В04106 "Мемлекеттік аудит" білім беру бағдарламасы

Берілетін дәреже: 6В04106 "Мемлекеттік аудит" білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры

Біліктілік сипаттамасы. Бизнес және басқару бакалавры келесі қызмет түрлерін атқара алады: аналитикалық, ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық-басқару, есептік; әр түрлі қызмет саласында есептеу-қаржылық. Бизнес пен басқару бакалавры кәсіби қызмет аясына жататын стандартты теориялық және зерттеліп жатқан үрдістердің эконометрикалық үлгілерін, құбылыстар мен нысандар құрылымын ұсынуы қажет; шаруашылық жүргізуші субъект қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеуге қажетті бастапқы берілгендердің талдауы мен жиынына қабілетті болу; меншіктің, ұйымдардың, мекемелердің түрлі пішіндерінің кәсіпорын есептілігін қамтитын қаржылық, буxгалтерлік және өзге ақпаратты талдай алу мен түсіндіре білу және алынған мәліметтерді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолдану; басқарушылық шешімдердің ұсынылып отырған нұсқаларын сыни бағалауға қабілетті болу, әлеуметтік-экономикалық тиімділік сынының тіркелуімен оларды жүзеге асыруда ұсыныстарды, тәуекелдер мен мүмкін экономикалық салдарды өңдеу және негіздеу; аудит, буxгалтерлік есептеу саласында білікті болу. 

Кәсіби қызмет нысандары: сала ерекшелігі тіркелген экономиканың әр түрлі салаларының мекемелері (Министрлік және мекеме, салық комитеті, ҚР статистика жөніндегі агенттік) ғылыми-зерттеу мекемелері, ұйымдар мен ұйымдастырушылық-құқықтық формасынан тәуелсіз фирмалар. 

6В11102 "Ресторандық іс пен қонақ үй бизнесі" бағдарламалық қамтамасыз ету

Берілетін дәреже: 6В11102 "Ресторандық іс және қонақ үй бизнесі" білім беру бағдарламасы бойынша саланың бакалавры

Біліктілік сипаттамасы. Қызмет көрсету аясындағы бакалавр келесі қызмет түрлерін атқара алады: ұйымдастырушылық басқару; өндірістік-теxнологиялық; сервистік; ғылыми-зерттеушілік; білім беру (педагогикалық). Қызмет көрсету бакалавры менеджмент, маркетинг, қаржы, микроэкономикалы, макроэкономикалық құбылыстарды ұсынуы қажет, қызметті тұтынушыларға тиімділігі жоғары қызмет көрсетуді ұйымдастыра алу; тұтынушыларды орналастыруда, қызметкер жұмысына, қонақ үй үй-жайында және туристік, ресторандық кешендерде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, еңбек күзеті ережелерінің және қағидаларының, өндірістік санитария мен гигиена талаптарының орындалуына бақылау жасау, ресторандық іс пен қонақ үй бизнесі аясында білікті болу.

Кәсіби қызмет нысандары: қоғамдық тамақтандырудың ресторан деңгейіндегі мекемесімен байланысты мемлекеттік басқару органдары (министрліктер, әкімшіліктер, олардың жергілікті бөлімшелері мен құрылымдары); ресторандық және қонақ үй бизнесімен айналысатын мемлекеттік, жекеменшік компаниялар; қызмет көрсету аясы, тамақтандыруды ұйымдастыру мекемелеріне байланыстырылған кәсіпорындар (ресторандар, қонақ үйлер және басқа да құрылымдар); тамақтандыруды дамыту, тамақтандыру мекемелеріндегі маркетинг мәселелерін зерделеумен айналысатын ғылыми-зерттеу мекемелері, ресторандық іс пен қонақ үй бизнесіндегі қызметті ішкі және сыртқы нарыққа жетелеумен айналысатын жарнама агенттіктері. 

                            «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы

6В04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:   6В04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры. 

Біліктілік сипаттамасы: құқық бакалаврының қызметі жеке және бұқаралық мүдделерді қорғау және сақтау кезінде қоғамның әр түрлі саласында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен құқықтық нормаларды  жүзеге асыруға бағытталуы қажет; азаматтық қоғам мен құқықтық мелекеттің дамуына мүмкіндік туғызуы керек; азамат пен адамның бостандығы мен құқығын қорғауға және қамтамасыз етуге жұмыс ітеуі қажет; құқықтық ықпал саласын кеңейту; құқықтық реттеу механизмін жетілдіру; құқықтық білімі мен кәсіптік дағдыларын арттыру; құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру; заманауи үдемелі саяси-құқықтық идеяларды тарату; заманауи заңдылықтарды сауатты қолдана білу.

Кәсіптік қызмет нысандары:  пқоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық саладағы заң қолдану қызметі: заңдық маңызы бар хабарламалар мен әрекеттер; мемлекеттік институт қызметі саласында туындайтын құқықтық қатынастар; заңды, жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы құқықтық қатынас.

6В04201 "Құқықтану" білім беру бағдарламасы - "Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: 6В04201 "Құқықтану" білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы: құқық бакалаврының қызметі қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау және қорғау кезінде қоғам өмірінің түрлі салаларында құқықтық нормаларды жүзеге асыруға және құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс; құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуына ықпал ету; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға жәрдемдесу; құқықтық ықпал ету саласын кеңейту; құқықтық реттеу тетігін жетілдіру; құқықтық білім мен кәсіби дағдыларды тереңдету; құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру; заманауи прогрессивті саяси-құқықтық идеяларды тарату; қазіргі заманғы заңнаманы сауатты қолдану, ағылшын тіліндегі кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.

6В04202 «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:   6В04202 «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры

Біліктілік сипаттамасы:  қызмет кеден ісі саласында заңдылықты сақтауды, сыртқы экономикалық қызметті, салық салуды бақылауды жүзеге асыруға, валюталық реттеу мен кедендік заң қолдану практикасын жетілдіруге, кеден ісіндегі заң бұзушылыққа ескерту бойынша шара әзірлеу және қолдануға бағытталған, кедендік және басқа да төлемдерді бюджетке өз уақытында толық енгізуді қамтамасыз ету.

Кәсіптік қызмет нысандары:  мемлекеттік ведомстволар, мемлекеттік билік пен басқарудың жергілікті органдары, қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлік құрылымдар; коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдар. Диплом алған соң түлектер декларант, импорт жөніндегі, кеден бойынша, экспорт бойынша менеджер, СЭҚ маманы, халықаралық тасымалдау маманы, кедендік мәселелер маманы ретінде жұмысқа орналсуға мүмкіндік алады.

 
 6В03101 «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі6В03101 «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы әлеуметтік білімдер бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы:  әлеуметтік білімдер бакалавры таңдаған білім бағытының тиімділігі мен қазіргі жағдайы, тарихы туралы ұғымы болу керек,  оқып үйренген пәнінің терминдері мен негізгі ұғымынан хабары болу қажет; өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік мәні мен маңызын ұғынуы қажет, нақты бір қызмет саласын анықтайтын пәннің негізгі мәселесін, тұтас білім жүйесіндегі олардың өзара байланысын; халықаралық қатынастар процесінде болып жатқан мәселелерді талдай білу,  дүние жүзіндегі және республиканың ұлттық мүдделерін қозғайтын геосаясаттық жағдайда, маңызды деген халықаралық қатынастардағы ҚР-дағы рөлі мен орнына қатысты мәселелерге бейімделуі, халықаралық саяси процестерді болжау және қолданбалы талдау дағдысы болу.

Кәсіптік қызмет нысандары:   ҚР сыртқы істер Министрлігі, халықаралық ұйымдардың трансұлттық корпорациялар,   әлемдік саясат, сыртқы экономикалық қатынас саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары мен басқару органдары.

6В03101 "Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы "Аударма ісі" қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже:  6В03101 "Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры. "Кәсіби коммуникация саласындағы аудармашы" қосымша біліктілігімен

Біліктілік сипаттамасы: әлеуметтік білім бакалаврының білім берудің таңдалған бағытының тарихы, қазіргі жағдайы және болашағы туралы түсінігі болуы тиіс; оқылатын мамандықтың негізгі ұғымдары мен терминдерін білу; өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын, қызметінің нақты саласын анықтайтын пәндердің негізгі мәселелері, мен олардың біртұтас білім жүйесіндегі өзара байланысын түсіну; халықаралық қатынастарда болып жатқан үдерістерді, геосаяси жағдайды талдай білу, қазіргі әлемдегі Қазақстанның орны мен рөліне жататын және республиканың ұлттық мүдделерін қозғайтын маңызды халықаралық проблемаларды түсіну;  халықаралық саяси процестерді қолданбалы талдау және болжау дағдысы болу, кәсіби аударманы жүзеге асыра білу және сапалы мәдениетаралық коммуникацияны ұйымдастыра білу керек.

Кәсіби қызмет нысандары:  ҚР Сыртқы істер министрлігі, трансұлттық корпорациялар, халықаралық ұйымдар, сыртқы саяси қатынастар, әлемдік саясат саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының әртүрлі мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдары, ҚР ұйымдары мен кәсіпорындарының аударма және халықаралық бөлімшелері.

6В01402 «Экономика және құқық негіздер» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:  5В011500 "Экономика және құқық негізі" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры .

Біліктілік сипаттамасы:  "Экономика және құқық негізі" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры қызмет түрлері мен әр түрлі саладағы ұйымдарды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, халықаралық құқықтық нормалар туралы ұғымы болу керек; психологиялық-педагогикалық әдістері мен пәні туралы ұғымы, оқыту мен тәрбие бірлігіін қамтамасыз ету рөлі туралы, оқу пәнін мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарау, оқу пәнінің негізіне жататын ғылым дамуының логикасы туралы; педагогика, құқық, экономика саласындағы зерттеулердің өзекті бағыттары туралы білуі керек.

Кәсіптік қызмет нысандары:  жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер, лицейлер, колледждер, гимназиялар, орта-арнайы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдар, біліктілікті көтеру институттары, баспалар, кітапханалар, заң, экономикалық және педагогикалық кабинеттер, білім беру жүйесіндегі мекмелердегі педагогикалық процестер.

6В04203 "Халықаралық құқық" бағдарламалық қамтамасыз ету

Берілетін дәреже: 6В04203 "Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры

Біліктілік сипаттамасы.  "6В04203 - Халықаралық құқық" мамандығы  бойынша құқық бакалавры келесі қызмет түрлерін атқара алады:

келісімшарттарды өңдеуді қоса алғандағы заң шығару жұмысы, Қазақстан Республикасының құқығы мен қызығушылығын xалықаралық деңгейде қорғау, ішкі саясат деңгейіндегі Қазақстан Республикасының өкілдігі, сонымен қатар, xалықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес мекемелердегі дипломатиялық, консулдық қарым-қатынастар аясындағы жұмыс; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын Қазақстан Республикасында және шет елде қорғау; экспортты-кеңес берушілік жұмыс, соның ішінде ғылыми-құқықтық шарттарды заң жобалары, келісімшарттар мен мәміле бойынша даярлау; құқық қорғау; құқық қорғаушы; кеңес берушілік; ұйымдастыру-басқарушылық.

6В04203 «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша құқық бакалавры қоғамды дамыту беталысын ұсынуы қажет; түпкі ұлттық, шетелдік нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық құқықтың негізгі дереккөздерін білу; халықаралық құқықтық білімді мемлекеттік органдар мен үкіметаралық мекемелер қызметінде қолдана білу; ұлттық және халықаралық аспектіде құқықтық мәселелерді шешу дағдыларының болуы; құқықтық, экономикалық және халықаралық аспектілерде білікті болу.

Кәсіби қызмет нысандары: мемлекеттік билік пен басқару органдарының ішкі байланыс министрліктері мен Қазақстан Республикасы мекемелерінің, құқық қорғау органдарының, коммерциялық және коммерциялық емес мекемелердің, сонымен қатар, кәсіби тағайындау бойынша халықаралық құқық бакалаврын қолдануды қамтамасыз ететін департаменттер.


 «Шет тілдер» кафедрасы

6В02301 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:  6В02301 «Аударма ісі» мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы:  басқа мемлекеттермен ғылыми-мәдени, сыртқы экономикалық, сыртқы саясаттық байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдардағы ауызша және жазбаша аударманы жасай білуі қажет; экономиканың түрлі бөлімде, халықаралық туризм жүйесінде, агенттіктер мен ақпараттық-аналитикалық қызметтер.

Кәсіптік қызмет нысандары:  мәдениет мекемлері, халықаралық ұйымдар, әр түрлі ақпараттық-аналитикалық қызметтер, елшіліктер мен өкілдіктер, министрліктер, туризм жөніндегі агенттіктер, баспалар, аударма жөніндегі бюролар, басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар.
 

6В02301 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы – «Менеджмент» қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: 6В02301 "Аударма ісі" білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры. "Кәсіби қызмет саласындағы басқару" қосымша біліктілігі

Біліктілік сипаттамасы: тіл білімі бакалавры басқа мемлекеттермен сыртқы саяси, сыртқы экономикалық, ғылыми-мәдени байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдарда, экономиканың әртүрлі салаларында, халықаралық туризм жүйесінде, ақпараттық-талдау қызметтері мен агенттіктерінде жазбаша және ауызша аударманы жүзеге асыруы тиіс; басқару процестерін түсіну, ұйымның, құрылымдық бөлімшелердің, жобалардың кәсіби қызметін ұйымдастыра білуі керек.

Кәсіби қызмет нысандары: мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, әртүрлі ақпараттық-талдау қызметтері, елшіліктер мен өкілдіктер, министрліктер, туризм жөніндегі агенттіктер, баспалар, аударма жөніндегі бюролар; басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар.

6В01703, 6В01704 «Шет тілі: екі шет тілі» (ағылшын, неміс) білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:  6В01703, 6В01704 «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры 

Біліктілік сипаттамасы:  білім бакалавры білім беру (педагогикалық), эксперименталды-зерттеу, ұйымдық-басқару, әлеуметтік-педагогикалық, оқу-тәрбие, оқу-технология қызметіне дайын болуы керек.  Халықаралық стандарт талаптарына сәйкес бакалавр іргелі кәсіптік дайындықтың жоғары деңгейінде болу керек,   мәдениет аралық деңгейдебасқа тілдік қатынасқа дайын және оған қабілетті болуы қажет. 

Кәсіптік қызмет нысандары: білім берудің басқа тілдік сабақтастықтағы және үздіксіз білім беру мекемлері; бастауыш, негізгі және кәсіптік мектептер; мамандандырылған мектептер; орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері.

Білім беру бағдарламасы 6В01703 "Шет тілі: екі шет тілі "(ағылшын)  "Аударма ісі" қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: 6В01703 "Шет тілі: екі шет тілі" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры, "Кәсіби коммуникация саласындағы аудармашы" қосымша біліктілігімен

Біліктілік сипаттамасы: білім беру бакалавры білім беру (педагогикалық), эксперименталды-зерттеу, ұйымдастыру-басқару, әлеуметтік-педагогикалық, оқу-тәрбие, оқу-технологиялық қызмет үшін дайындықтан өтуі тиіс. Халықаралық-стандартты талаптарға сәйкес бакалавр фундаменталды кәсіби дайындықтың жоғары деңгейіне ие болуы керек, мәдениетаралық деңгейде шет тілді қарым-қатынасқа қабілетті және дайын болуы керек.

Кәсіби қызмет нысандары: үздіксіз және сабақтас шеттілдік білім беру мекемелері; бастауыш, негізгі және бейіндік мектеп; мамандандырылған мектеп, қосымша тілдік білім беру орталықтары; орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, аударма бюролары, ұйымдар мен кәсіпорындардың аударма бөлімдері, халықаралық ұйымдар.


«Педагогика және психология» кафедрасы

6В01301 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы

 Дәрежесі:  6В01301 "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Біліктілік сипаттамасы:  білім бакалавры өзінің кәсіптік қызметінде теориялық білімді қолдана білуге, оқу-тәрбие процесіндегі жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыра білуге, білім сапасын арттыра отырып  педагогикалық мәселелерді қоя білуге және шеше білуде білікті болуы қажет.

Кәсіптік қызмет нысандары:  жалпы білім беретін мектептер, шағын комплектлік мектептер, гимназиялар, лицейлер.

6В01301"Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы, «Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: 6В01301"Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы  бойынша білім бакалавры

Біліктілік сипаттамасы: білім бакалавры өзінің кәсіби қызметінде теориялық білімді қолдана білуі керек, оқу-тәрбие процесінің жобаларын әзірлеу және іске асыру бойынша дағдысы болу; білім беру сапасын арттыруға ықпал ете отырып, педагогикалық мәселелерді қою мен шешуде құзыретті болу, өзінің кәсіби қызметін ағылшын тілінде жүзеге асыра білу, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білу керек.

Кәсіби қызмет нысандары: жалпы білім беретін мектептер, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мектептер, шағын жинақты мектептер, гимназиялар, лицейлер.

 6В03102 «Психология» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: 6В03102 «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры

Біліктілік сипаттамасы:  әлеуметтік білім бакалавры маман-психологтың кәсіптік біліктілік талаптарына сәйкес психологтың кәсіптік қызметінің практикалық және зерттеу міндеттері,  ғылыми әдістемесі жайлы ұғымы болу керек; маман-психолог біліктілігі бойынша білім талаптарына сәйкес тіршілік әрекетінің түрлі салаларында, психологияның практикалық және негізгі ғылыми қызметін білуі шарт.

Кәсіптік қызмет нысандары:   мектепке дейінгі мекемелер, орта мектеп, лицей, гимназиялар, мамандандырылған білім беру және тәрбие беру мекемелері, училищелер мен колледждер; ғылыми-зерттеу институттары мен зерттеу орталықтары; спорттық және шығармашылық ұйымдар; денсаулық сақтау мекемелері;  кәсіптік бейімделу және кәсіптік оқыту орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтері, жұмыспен қамту орталықтары; саяси технология мен қоғамдық пікірді зерттеу орталықтары; бизнесті ұйымдастыру және өндірістік кәсіпорындар, құқық қорғау мекемелері мен пенитенциаплық орындары, қараусыз қалған балалар мен жасөсіпірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімделу орталықтары; коммуникативті процестер (тұлға аралықтан макро әлеуметтік деңгейге дейінгі диапазонда)  және адам мен қоғамның, адам мен техниканың өзара әрекетінің психологиялық мәселелері.

6В03102 «Психология» білім беру бағдарламасы, «Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: 6В03102 «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры

Біліктілік сипаттамасы: әлеуметтік білім бакалавры маман-психологтың кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарға сәйкес психологтың кәсіби қызметінің мақсаты, ғылыми әдіснамасы, зерттеу және практикалық әдістері туралы түсінігі болуы тиіс; психологияның негізгі ғылыми және практикалық функцияларын және психолог маманның білім беру құзыреттіліктеріне қойылатын талаптарға сәйкес өмірдің түрлі салаларында психологиялық білімдерді қолдану аясын білу, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білу.

Кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі мекемелер, орта мектептер, лицейлер мен гимназиялар, мамандандырылған білім беру және тәрбие мекемелері, училищелер мен колледждер; ғылыми-зерттеу институттары мен зерттеу орталықтары; спорттық және шығармашылық ұйымдар; денсаулық сақтау мекемелері; кәсіптік бағдар беру және кәсіптік оқыту орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, жұмыспен қамту орталықтары; қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталықтары; өндірістік кәсіпорындар мен бизнесті ұйымдары; құқық қорғау мекемелері мен пенитенциарлық мекемелер, балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтары; халықаралық ұйымдар.

6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы:  Қоғамдық-әлеуметтік ғылым негіздерін, қоршаған ортамен қарым-қатынасын реттеп отыратын этикалық және заң нормаларын, Қазақстан территориясындағы әртүрлі қоғамдық-әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының тарихи ерекшеліктерін және қазақ халқымен басқа халықтардың мәдениет тарихын білуі керек. Компьютерді теру тәсілдерінен, кәсіптік қызметі аясында қолданылатын ақпаратты сақтай және өңдей алудан дағдысы болуы керек.

Кәсіптік қызмет нысандары: бітірушілердің кәсіптік қызметінің объектісі болып жалпы білім беретін орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, орта-кәсіптік ұйымдар, кәсіптік мектептер, колледждер табылады.


 6В01702 «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: 6В01702 "Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы:  білім бакалавры өз ойын көңілге қонымды, сауатты, дәлелді жеткізе білуі керек; кәсіптік қызметті атқару үшін жоғары ойлау мәдениеті мен таным әдістерін  меңгеруі қажет; өзінің кәсітік қызметінде базалық және бейінді пәндердегі құралдар мен әдістерді пайдалана білу,   әр түрлі бағыттағы әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істей білу дағдысы болу;  заманауи технологияларды пайдалана отырып жаңа білім алу, филология мен педагогика саласында базалық және бейінді пәндер бойынша қаланған білім негізінде біліктілік таныту.

Кәсіптік қызмет нысандары: орта жалпы білім беретін мектептер, орта кәсіптік ұйымдар, кәсіптік мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер.

6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:  6В01401 "Дене шынықтыру және спорт " білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Біліктілік сипаттамасы: білім бакалаврының дене шынықтыру және спорттың қарапайым өмірдегі және мәдениеттегі дене тәрбиесі, денсаулықты нығайту құралы екендігін ұғыну, дене тәрбиесі бойынша сабақтарда тәрбие жұмысының түрлері мен әдістері, құралдары, принциптері, міндеттері, мақсаттарын қолдана білу, дене тәрбиесі процесін басқару, бақылау, жоспарлауды әдістемелік түрде дәлелдей білу,  жоғары спорттық жетістіктерге жете білу, қолайлы жағдайда ағзаның бейімделу механизмдерінің кедергілері және денсаулық үшін зиянсыз  болған жағдайда ағзаның резервтік мүмкіндіктері мен дененің  жұмысқа қабілетті мүмкіндіктерін жетілдіру,  дене қозғалысының әр түрлі  топтарында ұйымдық бұқаралық жұмыстарды жүзеге асыру; дене шынықтыру және  спорттың дамуын жоспарлау. 

Кәсіптік қызмет нысандарымемлекеттік, қоғамдық, жеке білім бертін ұйымдар, мектепке дейінгі, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары, колледждер, гимназиялар, училищелер, балалар спорт мектептері мен клубтары;  спорт және дене шынықтыру қызметін басқару органдары, мемлекеттік ұйымдар, фирмалар; спорттық, дене шынықтыру, медико-биологиялық және психикалық денсаулық мәселелерін жетілдіру бағытындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары.

6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы –«Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Біліктілік сипаттамасы: білім беру бакалавры дене тәрбиесінің құралы ретінде қоғам өмірі мен мәдениетінде дене тәрбиесі мен спорттың рөлі, денсаулықты нығайту, дене тәрбиесі сабағындағы тәрбие жұмысының мақсаттары, міндеттері, принциптері, құралдары, әдістері мен формалары туралы түсінігі болуы тиіс дене тәрбиесінің процесін әдістемелік тұрғыдан негізді жоспарлау, бақылау және басқару, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу, оңтайлы физикалық жұмысқа қабілеттілік және ағзаның денсаулығына зиян келтірмей және ағзаның бейімделу механизмдерінің үзілуінсіз ағзаның резервтік мүмкіндіктерін жетілдіруді білу; дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында жаппай ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру; дене шынықтыру мен спортты дамытуды жоспарлау, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.

Кәсіби қызмет нысандары:  мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары, колледждер, гимназиялар, училищелер, балалар спорт мектептері мен клубтары; дене шынықтыру және спорт қызметін басқару органдары, фирмалар, мемлекеттік ұйымдар; халықаралық спорт ұйымдары, дене шынықтыру, спорт бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары, дене және психикалық денсаулық проблемаларын әзірлейтін медициналық-биологиялық ұйымдар.

6В03201 «Журналистика» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:  6В03201 "Журналистика " білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы: әлеуметтік ғылымдар бакалавры еңбек нарығында оның қажеттілігін қамтамасыз ететін бейінді-мамандандырылған компетенцияларды меңгеруі керек; демократиялық қоғамда журналист пен журналистиканың қоғамдық миссиясы мен әлеуметтік рөлін, әлеуметтік мұқтаждық контексіндегі БАҚ принциптері мен қызметін ұғына білу; медиа саланың (маңызды және технологиялық) негізгі дүние жүзілік даму тендециясы бағытына, бұқаралық-медиа саласында маңызды инновациялық практикалар мен конвергенция процесіне дағдылана білуі қажет.    

Кәсіптік қызмет нысандары:  отандық және шетелдік электронды және баспа БАҚ; отандық және шетелдік мемлекеттік және тәуелсіз органдар қасындағы ақпарат агенттіктері мен жаңалық қызметтері; отандық және шетелдік баспалар мен полиграфиялық кешендер;отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың пресс-қызметтері;Қазақстан мен шетелдегі қоғаммен байланыс бойынша құрылымдар мен бөлімшелер; Қазақстан мен шетелдегі саяси, зерттеу және консалтингтік құрылымдар;Жарнама агенттіктері; Желі ақпараттық құрылымдар;Көңіл көтеру қызметтері мен науқандар нарығы.

6В03201 "Журналистика" білім беру бағдарламасы

«Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)

Берілетін дәреже: 6В03201 "Журналистика"  білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры

Біліктілік сипаттамасы: әлеуметтік білім бакалавры еңбек нарығында оның қажеттілігін қамтамасыз ететін кәсіби-мамандандырылған құзыреттерге ие болуы тиіс; демократиялық қоғамдағы журналистика мен журналистің әлеуметтік рөлі мен қоғамдық миссиясын, әлеуметтік қажеттіліктер контекстіндегі БАҚ функциялары мен принциптерін түсіну; медиаасалалар дамуының негізгі әлемдік үрдістерінде (мазмұнды және технологиялық), конвергенция процесінде және масс-медиа саласындағы маңызды инновациялық тәжірибелерде жол таба алуы тиіс; ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.

Кәсіби қызмет нысандары: отандық және шетелдік электрондық және баспа БАҚ; отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер мен мемлекеттік және тәуелсіз органдар жанындағы жаңалықтар қызметтері; отандық және шетелдік баспалар мен полиграфиялық кешендер; отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметі; Қазақстандағы және шетелдегі жұртшылықпен байланыс жөніндегі құрылымдар мен бөлімшелер; Қазақстан мен шетелдердің саяси, әлеуметтік және маркетингтік зерттеу және консалтингтік құрылымдары; жарнамалық агенттіктер; желілік ақпараттық құрылымдар; ойын-сауық қызметтері  

Оқуға түсуге қажетті құжаттар

ҚАЕУ-нің қабылдау комиссиясына талапкер төмендегі құжаттарды  тапсырады (мектеп бітірген соң):

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  • аттестат қосымшасымен бірге, сертификат (түпнұсқасы), көшірмесі;
  • 3 х 4 көлмедегі алты фотосурет;
  • 086-У үлгісіндегі дәрігерлік анықтама;
  • профилактикалық екпе картасы (көшірме);
  • тіркеме куәлік (көшірмесі);
  • жеке басын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
  • құжаттарды тігетін папка, конверт.

Шетелдік диплом мен аттестатты нострификациялау керек

Ж.Б. және ТжКБ базасы негізінде төмендегі құжаттар тапсырады: 

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  • диплом қосымшасымен бірге (түпнұсқасы), көшірмесі ;
  • 3 х 4 көлемдегі алты фотосурет;
  • 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама;
  • жеке басын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
  • тегінің өзгеруі туралы құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);
  • еңбек кітапшасының көшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама;
  • құжаттарды тігетін папка, конверт

 Шетелдік диплом мен аттестатты нострификациялау керек

Американдық бағдарлама бойынша оқуға тапсырыс

Фамилия (*)
Введено неправильно
Введите вашу фамилию
Имя (*)
Введено неправильно
Введите ваше имя
Школа (*)
Введено неправильно
Введите название и номер вашей школы
Специальность (*)
Введено неправильно
Выберите специальность
Балл ЕНТ (*)
Неверный Ввод
по четырем предметам
Выберите день сдачи теста
Месяц (*)
Введено неправильно
Выберите месяц
День (*)
Введено неправильно
Выберите день
Телефон (*)
Введено неправильно
Введите номер вашего телефона
Адрес
Введено неправильно
Введите ваш адрес
E-mail (*)
Введено неправильно
Введите ваш e-mail
Проверочный код (*) Проверочный код
Введено неправильно
Введите символы с картинки
  
(*) - обязательно к заполнению.

Талапкер күнтізбесі

Талапкер күнтізбесі ҚАЕУ – 2019 ж.

Іс-шаралар

Мерзімі

ҰБТ

ҰБТ өтініш қабылдау

 1 сәуір -10 мамыр

ҰБТ өту мерзімі

20 маусым - 5 шілде

ҰБТ-ға қатыспаған және шекті деңгейде балл жинамаған тұлғалар тамыз айында ҰБТ-ны тапсыра алады

ҰБТ өтініш қабылдау

25 шілде - 3 тамыз

ҰБТ өту мерзімі

 17 - 20 тамыз

ҰБТ-ға қатыспаған жəне шекті балл жинамаған тұлғалар: ЖОО-ға 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдана алады. ЖОО-да білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар ҰБТ-ны қайта тапсырады.

ҰБТ өтініш қабылдау

 1 - 15 желтоқсан

ҰБТ өту мерзімі

 15 - 20 қаңтар

Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатысу

Байқауға қатысуға өтініш қабылдау

13  - 20 шілде

Байқаудың өту мерзімі

1 тамызға дейін

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім гранты бойынша конкурсқа қатысу

Байқауға қатысуға өтініш қабылдау

 5  - 10 тамыз

Байқаудың өту мерзімі

 15 тамызға дейін

Шығармашылық емтихандар

Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау

 20 маусым- 7 шілде

Шығармашылық емтиханның өту мерзімі

8 - 13 шілде

Арнайы емтихан («Педагогикалық ғылымдар») Құжаттарды қабылдау және жүргіз

 20 маусым - 14 тамыз

Бакалавриатқа қабылдау

 10 - 25 тамыз



 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru