Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)
Назар аударыңыз
  • Lack of access rights - File '/cache/b/9b4127e702734e7d795b8c746fcb4e2a.jpg'
  • Lack of access rights - File '/cache/b/9b4127e702734e7d795b8c746fcb4e2a.jpg'

Гранттар мен жеңілдіктер

ҚАЕУ гранттары

Халықаралық серіктестіктегі Қазақстан-Американдық еркін университеті өз студенттеріне қаржылық қолдау бағдарламасын ұсынатын Қазақстандағы бірден бір жоғары оқу орны. Университет мемлекеттік гранттар мен квоталардан басқа ҚАЕУ студенттердің білім алу мүмкіндіктерін айтарлықтай дәрежеде кеңейтуге жағдай жасайды. Қаржылық қолдау бағдарламасы американдық қорлар мен компаниялардың-университет серіктестерінің тікелей қатысуымен жүзеге асады.  
 

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫ 

ҰБТ мен КТ нәтижесі бойынша жоо-на конкурстық негізде түсу үшін мемлекеттік білім гранты беріледі. Бұл барлық академиялық кезеңі үшін оқу құнын 100  % төлейді және грант иегріне  Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен шәкіртақы тағайындалады.   .  

Грантты беру негізі:  мемлекеттік грантқа  төмендегі тұлғалар ие болуға құқықты: «Алтын белгімен» марапатталған оқушылар, бейінді пән бойынша халықаралық және республикалық олимпиада мен конкурстардың жүлдегерлері. Көрсеткіш бірдей болған жағдайда білім грантын алу конкурсын өткізу кезінде келесі тұлғалардың құқықты медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес  білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларI және II топтағы мүгедектер, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, бала жасынан мүгедек болған тұлғалар, мүгедектер, үздік білімі туралы құжаты бар тұлғалар.     

ҚАЕУ КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗДЕ ТӨМЕНДЕГІ ГРАНТ ТҮРЛЕРІН ҰСЫНАДЫ:

  1. ҚАЕУ Президентінің гранты.
  2. Қорлар мен компаниялармен берілетін гранттар.
  3. «Co-Serve International» (АҚШ) ұйым қорының гранты.
  4. Мемлекеттік білім гранттары
  5. Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік гранты
  6. Оқу ақысы бойынша оқу құнын түсіру және жеңілдіктер

ҚАЕУ Президентінің Гранты

ҚАЕУ Президентінің  гранты оқу ақысының төлемі бойынша 10 % пайыздан 100 % пайызға дейін жеңілдіктерін қарастырады және университеттің өміріне белсене қатысып жоғары оқу үлгерімі деңгейіне қол жеткізген студенттерге стипендия тағайындайды

Грантты беру негізі: факультет деканының үсынысы.


Қорлар мен компаниялармен берілетін гранттар

Студенттер университет арқылы немесе өз бетімен оқу бітірген соң жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі бар және оның оқуын төлеуге қызығушылық танытқан демеуші компаниялар тауып алуға мүмкіндігі бар.   Бұл сонымен қатар студенттердің, магистранттардың және PhD докторанттарының оқуының ақысын төлеуге берілетін американдық қорлар мен компаниялардың, жеке тұлғалардың гранттары.

Грантты беру негізі: Президент пен ҚАЕУ-дің американдықтар тарапынан вице президентінің ұсынысы  

«Со Serve International» ұйымының гранты (АҚШ)

"Со Serve International" қоры Портленд қаласында ( Орегон штаты) құрылған ұйым. Негізгі мақсаты: ҚАЕУ халықаралық білім бағдарламасын дамыту және қолдау. Қор ҚАЕУ үздік студенттері мен түлектеріне баклавриат және магистратура  бағдарламасы бойынша АҚШ немесе Канададағы университеттерінің бірінде оқуларын жалғастыруға мүмкіндік береді. Грант таңдаған университетіне байланысты жыл сайын 10000 доллардан 20000 долларға дейін құрайтын оқу ақысын ұсынады. Сонымен қатар, қор  америка бизнесінде жетекші орындағы   шетелдік мамандар тәлімгерлік ететін  «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасын қаржыландырады. Бағдарламаның құны әр студент үшін  – 20000 доллар. 

Грантты беру негізі: Президент пен ҚАЕУ-дің американдықтар тарапынан вице президентінің ұсынысы  

Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім гранты.

Жергілікті бюджет есебінен білім беру гранты конкурстық негізде ҰБТ өткеннен кейін өткізіледі. Мемлекеттік білім грантына жергілікті бюджет есебінен АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) тұлғалары, көп балалы отбасылардың балалары бере алады. Алдымен негізгі гранттарға республикалық конкурс өткізілетінін атап өткен жөн. Республикалық конкурстың нәтижелері бойынша грант алмаған және жоғарыда аталған санаттарға жататын талапкерлер ЖАО-ға өтініш бере алады және бөлінген нысаналы гранттарға арналған конкурсқа қатыса алады.

 

Оқу ақысы бойынша оқу құнын түсіру және жеңілдіктер

  1. Оқу ақысын 1 қыркуйекке дейін толық төлеген студенттер -  5 %. жеңілдікке ие болады.  
  2. Ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген студенттер американдық бағдарлама бойынша 2-курсқа қабылданады.
  3. Шетелге оқуға кететін студенттер жеке оқу кестесіне ауысады, қайтып оралған соң өткен жыл үшін ақысыз және курсты жоғалтпай ары қарай оқуды жалғастырып оқуға мүмкіндік алады.   

Университеттің қаржы қолдауына ие болу үшін қойылатын негізгі талаптар:

  1. Университеттің студенті, магистранты немесе (PhD)докторанты болу.
  2. Академиялық үлгерім бойынша жоғары балл.
  3. Сабаққа қатысудың жоғары пайызы болу.
  4. Университет өміріне белсенділік таныту.
  5. Университет пен демеушілердің қосымша талаптарына сай болу
  6. Қаржылық қолдауға ие болу үшін құжаттарды уақытында және дұрыс толтыру

Мемл. грантты өтеу міндеті.

 

 

Сұрақ: Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жас мамандардың жұмыспен өтеу міндеті қандай нормативтік құқықтық актілерде көзделген?

Жауап: «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмысты өтеу міндеті жүктелген, оның ішінде:

- квота шегінде педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқығандар ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында;

- білім беру гранты негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша оқығандар мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында;

- білім беру гранты негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алғандар меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (2017 жылдан бастап түскен жас мамандар);

- PhD философия докторлары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.  

Сұрақ: Оқу бітірушілерді жұмысқа бөлу қалай жүргізіледі және онымен кім айналысады?

Жауап:  Жыл сайын педагогикалық және ветеринариялық мамандықтар үшін жас мамандар мен PhD философия докторлары оқу бітіретін ҚР-ның тиісті ЖОО-лары жанынан Дербес бөлу жөніндегі комиссиялар құрылады және медициналық мамандықтар үшін Комиссия денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда құрылады.

Комиссиялар жас мамандар мен PhD философия докторларын дербес бөлуді жүргізіледі, әрі бұл жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.

PhD философия докторларын дербес бөлу ұсынылған құжаттар бойынша және ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың кадрларға қажеттілік туралы өтінімдеріне сәйкес уәкілетті органдар ұсынған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.

Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы                     30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында айқындалған.  

          Сұрақ: Ауыл квотасы бойынша оқу бітірген түлектің қаладағы мемлекеттік білім беру ұйымында немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында жұмысын өтеуіне құқы бар ма?

          Жауап: Жоқ, егер жас маман Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша ауылдық квота бойынша оқу бітірген болса, ол ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру/денсаулық сақтау ұйымдарында жұмысты өтеуге міндетті.

Сұрақ: Егер оқу бітірушінің тұрғылықты жері бойынша бос жұмыс орны болмаса, не істеу керек?

          Жауап: 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 ҚР ҮҚ-ның 17-1-тармағына сәйкес бос жұмыс орындары болмаған жағдайда, жас маман/философия докторлары (Phd) тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге тұруға және Жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрғанын растайтын құжатты «Қаржы орталығы» АҚ-дағы жетекші ететін менеджерге ұсынуға тиісті. Айта кетер жайт, оның жұмысты өтеу мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте болған уақыты жұмысты өтеу мерзіміне есептеледі.

Сұрақ: Оқу бітіруші жұмыс орнына қашан келуі керек?

Жауап: Ағымдағы жылы оқу бітірген жас мамандар мен PhD философия докторлары 1 қыркүйектен кешікпей жолдама бойынша жұмыс орнына келеді (Дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес).

          Сұрақ: Жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттемелер орындалмаған жағдайда қандай шаралар қабылданады?

Жауап: «Қаржы орталығы» АҚ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде оқу бітірушілердің жұмыспен өтеу немесе жұмыс өтелмеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

Жұмыспен өтеу бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда "Қаржы орталығы" АҚ жас маманмен және PhD философия докторларымен жұмыс жүргізеді: көрсетілген байланыс тетіктері бойынша міндетті түрде жұмыспен өтеу қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама дайындау, жас мамандарға қоңырау шалу, оларды әлеуметтік желілер бойынша іздеу. Анықталған бұзушылықтар жойылмаған және/немесе жұмысты өтеуден бас тартылған  жағдайда бюджет қаражатын мемлекетке қайтару, оның ішінде сот тәртібімен қайтару бойынша жұмыс жүргізіледі.

Сұрақ: Кедитті өтеу мерзімін ұзартуға немесе кейінге шегеруге бола ма? Болса, қандай мерзімге дейін?

Жауап: Жас маман мерзімді әскери қызметке қабылданған немесе шақырылған кезде кредит мерзімі қызметті өткеру уақытына кейінге шегеріледі (Жас мамандарды және PhD философия докторларын дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен, жазбаша өтініш пен растайтын құжат негізінде қосымша хаттама ресімделеді), бірақ қызметті өткеру уақыты жұмысты өтеу мерзіміне есептелмейді.

Сұрақ: Қандай жағдайларда және оқу бітірушілердің қандай санаттары жұмысты өтеуден босатылады?

Жауап: Жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның немесе PhD философия докторларын дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен (Бөлу жөніндегі комиссия , яғни жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қосымша хаттама дайындайды, тиісті құжаттармен расталуы тиіс) мынадай санаттар Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылады:

1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан елді мекенде бос жұмыс орны болмаған жағдайдағы адамдар;

2) I және II топтағы мүгедектер;

3) одан әрі оқуға магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдар (ақылы негізде, мемлекеттік тапсырыста оқу немесе шетелдік білім беру ұйымына түскен кезде);

4) жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ оны (оларды) жалғыз тәрбиелеп отырған адамдар.

          Сұрақ: Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша оқыған жас маман ЖОО-ны бітіргеннен кейін өз мамандығынан басқа мамандық бойынша мемлекеттік ұйымға (әкімдік, салық комитеті, ХҚКО, банк және т. б.) өз бетінше жұмысқа тұрған  болса, бұл жұмысты өтеу ретінде есепке алына ма?

          Жауап: Жоқ, аталған ұйымдарда жұмыс істеу жұмысты өтеу есебіне саналмайды. Өйткені, Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл сәйкесінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті. Заңда оқу бітірушілерді мемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін негіздер қарастырылмағандықтан, жоғарыда аталған ұйымдағы жұмысты жұмысты өтеу мерзіміне есепке алу мүмкін емес. Жас маман мемлекеттік білім беру ұйымына (мектеп, балабақша, бөбекжай-бақша, колледж, университет) және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына (ауруханалар, емханалар) жұмысқа орналасуы тиіс.

          Сұрақ: Оқу бітірген соң мемлекеттік білім беру ұйымында жұмыс істеп, міндетін ішінара орындаған жас маман тұрмыс құруына байланысты жұмысынан шығып кеткен жағдайда оның жұмыспен өтеу міндеті тоқтай ма?

          Жауап: Заңның 47-бабының 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу міндетін тиісінше орындау үшін жас маман жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымында жұмыс істеуге не тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуге міндетті. Жұмысты өтеу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда, жас маман оны оқытуға бюджет қаражаты есебінен кеткен шығындарды республикалық бюджетке қайтаруға міндетті.

          Сұрақ: Жас маман мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуын бітіріп, сол жылы магистратураның ақылы бөліміне оқуға түскен болса, бұл жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуына себеп бола ма?

          Жауап: Бұл жағдайда жас маман Заңда көзделген жұмыспен өтеу міндетінен босатылу үшін өзі білім алған тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанынан құрылатын Дербес бөлу жөніндегі комиссияға өтініш жасауы тиіс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларының 8-тармағына сәйкес комиссия жыл сайын құрылады. Өз кезегінде, Заңның 47-бабының 17-2-тармағында жұмыспен өтеу міндетінен босататын нормалар қарастырылған. Атап айтсақ: одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен; жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдар; І және ІІ топтағы мүгедектер; жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдар бұл міндеттен босатылады.

          Сұрақ: Мемлекеттің үлесі бар (квазимемлекеттік секторға жататын)  ұйымдарда (мысалы, акциясының 50-100% -ы мемлекетке тиесілі оқу орны – акционерлік қоғамы және басқалар) мамандығы бойынша жұмыс істеуді жұмысты өтеу ретінде есептеу мүмкіндігі.

          Жауап: ҚР заңнамасында көзделген педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жұмысты өтеу жөніндегі міндетті тиісінше орындау үшін жас маман мемлекеттік білім беру ұйымы мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» заңда «мемлекеттік заңды тұлға – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер» деп көрсетілген. Сондықтан, бұл ұйымдардағы жұмысты жұмысты өтеу ретінде есептеу мүмкін емес.

                Сұрақ: ЖОО-ны бітіргеннен кейін кейінгі жылдары магистратураға түскен азаматтар жұмыспен өтеу міндетінен босатылады ма?

          Жауап: Заңның 47-бабының 17-тармағының 5-бөлігіне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық, медициналық, ветеринарлық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау және ветеринарлық ұйымдарда жұмыспен өтеуге міндетті.

          Заңның 47-бабының 17-2-тармағының 3) тармақшасында одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарды жұмыспен өтеу міндетінен босату көзделген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК)               6-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық заң оларда айтылған сөздердiң дәлме-дәл мәнiне сәйкес түсiнiлуге тиiс.

Заңның көрсетілген нормаларының мәнінен түсінетініміз – Комиссия жас мамандар мен философия докторларын (РhD) олар оқу бітірген жылдан кейінгі жылдары емес, сол оқу бітірген жылы магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен жағдайда ғана жұмысты өтеуден босатуға құқылы, яғни жұмысты өтеу міндетінен босату мәселесін қарау кезінде міндетті түрде уақыт факторы, соның ішінде міндеттеменің уақытында орындалуы ескерілу керек.      

          Сұрақ: Жұмыс ішінара өтелген (толық 3 жыл емес) жағдайда қалған кезеңге берешек сомасын төлеуге бола ма? Оқуға берешек сомасын бөліп төлеуге бола ма?

          Жауап: Заңның 47-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларының 4-тармағына сәйкес педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтейді. Жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті (Заңның 47-бабының 17-4-тармағы).

ҚР АК-нің 272 және 273-баптарына сәйкес міндеттеме мiндеттеменің шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуы тиiс, мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.

          ҚР АК 349-бабының 1-тармағына сәйкес мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi.

Заңда және Қағидаларда жұмысты жарым-жартылай өтеу немесе оқумен байланысты бюджет қаражатын бөліп төлеу жағдайында шығындалған бюджет қаражатын қайта есептеуді айқындайтын нормалар (қалыптар) қарастырылмаған.

Бұл ретте, оқу ақысының сомасы жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығындардан құралады.

 

Білім беру кредит

 1

 «Қаржы орталығы» АҚ

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Білім беру кредиттеріОқу ақысын бүгін төле!

  • кепілзатсыз;
  • кредит мерзімі 12 жылға дейін;
  • кредитті өтеу ЖОО-ды бітіргеннен соң 6 айдан кейін;
  • кредиттің сомасы шектелмейді;
  • тек Қазақстан ЖОО-дарында оқу үшін кредит беру.
 

Білім беру депозиттеріБалаңыздың келешек оқуына қаражат жижинақта!

  • Салымның минималды сомасы – 3 АЕК;
  • Салымшы жарналардың мерзімділігі мен ұзақтылығын өзі белгілейді;
  • Жинақтау мерзімі – 3-20 жыл;
  • Қазақстан және шет елдерінде оқу ақысын төлеу;
  • Табыстылығы 15,5% -дан жоғары:  

           - банктің сыйақысы 10,5%;

           - мемлекет сыйлықақысы 5% немесе 7% (әлеуметтік категория).

Консультация:

 «Қаржы орталығы» АҚ:

Мекен-жайы: Астана қ, Орынбор көшесі, 18
Тел/факс: 8 (7172) 695-060, 448-868

        8 800 080 28 28 (тегін)  
Сайт: www.fincenter.kz

E-mail: fincenter@fincenter.kz

«Қаржы орталығы» АҚ өкілдігі

Мекен-жайы: Алматы қ, Аль-Фараби проспектісі , 71 

(Аль-Фараби атындағы ұлттық университеті, 1 қабат, 109 офис)

Тел:8(727)3773419, 3173630, 8(702)1396981

E-mail: fc_garant@mail.ru

 080820162

Жеңілдіктер

Күндізгі оқыту түрінде оқу құны сәйкес мамандығына байланысты мемлекеттік білім гранты көлемінен төмен емес көлемде белгіленеді.   ҚАЕУ оқу жүйесіне байланысты  барлық білім беру бағдарламаларындағы талапкерлердің әлеуметтік жауапкершілік принципін жүзеге асыру мақсатында бакалавриаттың күндізгі және  қашықтықтан оқыту түрі бойынша жеңілдіктер енгізіледі.  

Төлемақы мерзімі бірыңғай: - кезекті емтихандық сессия басталғанша төлеу қажет. Қазақстан-Американдық еркін университетінде білім алушылардың қалауы бойынша оқу құнының бір реттік, семестрлік немесе ай сайынғы төлемдері қарастырылған.  

Оқу құны- белгіленген және оқудың барлық кезеңінде сақталады. 

1 қыркүйекке дейін жылдық оқу ақысын төлеген студенттер 5% пайыз жеңілдік алады.

ЖОО-да оқудың төлемақысы 3 тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін: 

  1. мемлекет есебінен  -мемлекеттік білім гранты және мемлекеттік білім беру кредиті,  жергілікті (облыстық, аудандық) атқару органдарының, т.б. гранттары мен шәкіртақылары;
  2. мемлекеттік емес көздерден- атаулы шәкіртақылар, халықаралық ұйымдардың гранттары, ЖОО-ның гранты, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жеке гранттары мен шәкіртақылары, әр түрлі демеуші қорлардың демеушілік көмегі және т.б
  3. өз есебінен  -өз қаржысы, банктік кредиттер және т.б.

Қазақстанда екінші жоғары білім алу тек қана ақылы негізде жүзеге асады.

ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН БАНКТІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ 

«Қазақстан-Американдық еркін университеті» ЖШС, 070004, Өскемен қ, М.Горький көшесі,76, БИН 000540002589, КБе 17, Есепшот №  «KZ15826F0KZTD2001576» «АТФ»  АҚ филиалы,  Өскемен қаласы, БИК ALMNKZKA, Есепшот №  «KZ598560000000479760» «Центр Кредит Банк» АҚ филиалы  ,  Өскемен қаласы, БИК KCJBKZKX

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru