Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Магистратура

Жалпы мәлімет

ҚАЕУШығыс Қазақстандағы магистрлерді екі бағдарлама: қазақстандық және американдық бағдарламамен дайындауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны.   Американдық бағдарламадағы магистранттар мемлекеттік үлгідегі қазақстандық дипломмен бірге американдық диплом алып шығады. Магистранттарды оқытуды Ресей, Ұлыбритания, Канада, АҚШ білікті мамандар, сонымен қатарPhD докторлары, ғылым кандидаттары, ғылым докторлары сияқты профессорлық-оқытушылар құрамы жүзеге асырады.  Магистратурадағы оқу сабақтары оқытудың ақпараттық технология және интерактивті әдістерін пайдалану арқылы өтеді. ҚАЕУ-нің негізгі басымдылығы пәндерді ағылшын тілінде оқыту болып табылады. (американдық бағдарлама). Магистранттар ҚАЕУ гранты есебінен (конкурстық негізде) АҚШ-да тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады.  Қазақстан-Американдық еркін универсиеті  төмендегі мамандықтар бойынша магистрлерді дайындау бағдарламасын жүзеге асырады:

Магистратурада мамандарды дайындау екі бағыт бойынша: бейінді, ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.  

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгеру ұзақтығы төмендегі мерзімді құрайды:

  • Бейінді бағыт-1 жыл, 1,5 жыл
  • Ғылыми-педагогикалық бағыт-  2 жыл

 

Бейінді бағыт

Магистратураның бейінді бағыты терең кәсіптік дайындықтан өткен бизнес, қызмет көрсету саласы, құқық, экономика салалары үшін мамандар дайындайтын жоғары оқу орынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.   Магистратураның бейінді бағыты- бір жылдық (бір жарым жылдық) таңдаған салада кәсіптік мамандануға бағытталған бағдарлама. Диплом алу үшін бір жыл ішінде магистрант теориялық курсты меңгеруі қажет, сонымен қатар кәсіптік тәжірибеден өтіп магистрлік диссертация қорғауы керек.   

Осы бағытта ҚАЕУ-нің карьера мен тұлғаны дамыту орталығы ІӘМ (Іскер әкімшілік магистрі) дайындаудың білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады

Ғылыми және педагогикалық бағыт

Магистратураның ғылыми және педагогикалық бағыты терең ғылыми-педагогикалық дайындығы бар ғылыми-зерттеу секторы мен жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары оқу  жүйесі үшін мамандарды дайындайтын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.  Аталмыш бағдарлама аясында магистрант ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуға болатын негізгі дайындықтан өтеді, жоғары мектепте оқытушылық қызметпен айналыса алады. Оқу кезінде магистрант теориялық курсты меңгереді, кәсіптік практикадан өтеді және магистрлік диссертациялық зерттеуді орындайды. 

Магистратурада оқу күндізгі оқыту түрі бойынша ғана жүзеге асырылады. Магистратураның білім беру бағадрламасын меңгеріп магистрлік диссертация қорғаған тұлғаларға «магистр» академиялық дәрежесі беріледі. 

Магистратура, докторантураға түсудің міндетті кезеңі болып табылады.

Білім бағдарламалары

 «Бизнес» кафедрасы

 7М04101, 7М04102 «Менеджмент» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: Бизнес және басқару магистрі, «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы «Менеджмент» білім беру бағдарламасы магистратурасы түлегінің іргелі ғылыми және кәсіптік дайындығы болу керек, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу, сақтау әдістерін қосып алғанда заманауи ақпарттық технологияны меңгере білуі,   қазіргі ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін және түйініні таба білу, 6М050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу/эксперименталды–зерттеу қызметін жүргізу және жоспарлау, жоо-да оқытушылық қызметте болу, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыра білуі қажет. 

Кәсіптік қызмет нысандары: 

  • бейінді дайындық бойынша: сала қызметіне байланыссыз барлық жеке меншік ұйымдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары мен инфрақұрылымы (министрлер департаменті, агенттігі, облыстық, қалалық аудандық әкімшіліктер мен маслихаттар);
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: сала қызметіне байланыссыз барлық жеке меншік ұйымдар мен кәсіпорындар; мемлекеттік және жергілікті басқару органдары мен инфрақұрылымы; орта кәсіптік және жоғары оқу орындары, ғылыи-зерттеу және эксперттік – консалтингтік ұйымдар, мекеме аралық, аймақ және халықаралық ғылыми жобалық ұйымдар.


 7М04103, 7М04104 «Қаржы» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: Бизнес және басқару магистрі, Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы:  магистрі халықаралық қаржы нарығы мен құралдарының құрылымын білуі керек, қазіргі практикалық мәселенінің шешімін және түйінін таба білу, бизнес-ортада басқару қызметін жоспарлау,  жүзеге асыру, қаржы менеджметінің қажетті түрін таңдаууға қалыптасу, заманауи технологияларды игеруі, ғылыми-зерттеу жұмысын өз бетімен жүргізе білу дағдысы болу керек. 

Кәсіптік қызмет нысандары:

  • бейінді дайындық бойынша:  банк және қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу органдары; қаржы институттары; бюджеттік ұйымдар; әр түрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық және қаржы-аналитикалық қызметтері;
  • ғылыми-педагогикалық бағытта:  жоо, ғылыми-зерттеу экономикалық институттары, банк және қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу органдары, қаржы институттары, бюджеттік ұйымдар,  әр түрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық және қаржы-аналитикалық қызметтері;

  7М06101, 7М06102 «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:  техника мен технология магистрі, Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы  бойынша техника ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасыАқпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы  бойынша магистратураның түлегі ақпараттық жүйелердің классификациясы мен негізгі типтерін, ақпараттық процестердің заңдылығын, кәсіптік мәні бар ақпаратты ұсыну және іздеу әдістерін  білуі керек,    тиімді жоспарлауды, енгізуді, ұйымның комьпютерлік инфрақұрылымын қолдауды жүзеге асыра білу дағдысы және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлей білуі қажет. 

Кәсіптік қызмет нысандары:

  • бейінді дайындық бойынша: мемлекеттік басқарудың компьютерлік қызметтері; өнеркәсіптік кәсіпорындардың компьютерлік қызметтері; қаржы ұйымдарының компьютерлік қызметтері және т.б.
  • ғылыми-педагогикалық бағытта:  ғылыми-зерттеу мекемелерінің компьютерлік қызметтері; мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық қызметі; оқу орындары; жобалық ұйымдардың ақпараттық қызметі; өнеркәсіптік кәсіпорындардың ақпараттық қызметі.

 «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы

7М04201, 7М04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: құқық магистрі,  «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша заңтану ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы: «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураның түлегінің іргелі ғылыми және кәсіптік дайындығы болу керек, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу, сақтау әдістерін қосып алғанда заманауи ақпарттық технологияны меңгере білуі,   қазіргі ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін және түйініні таба білу, 6М030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу/эксперименталды–зерттеу қызметін жүргізу және жоспарлау, жоо-да оқытушылық қызметте болу, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыра білуі қажет. 

Кәсіптік қызмет саласықұқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет пен басқарудың атқару және сайланған органдары,адвокатура, сот, банкілер, әділет органдары, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, жоо, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, сонымен қатар магистрлер  (PhD) акадеиялық дәрежесін алу үшін ары қарай жалғастырып білім алуға мүмкіндігі бар. 

Кәсіптік қызмет түрлері:

  • бейінді дайындық бойынша: әкімшілік-басқару, эксперттік-кеңес, заң, ұйымдық-басқару; 
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: білім беру, ғылыми-зерттеу, әдістемелік.


7М03101, 7М03102 «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:  Әлеуметтік білімдер магистрі, «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі

Біліктілік сипаттамасы: «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы магистратурасының түлегі халықаралық қатынастардың қазіргі жетістіктері және маңызды мәні бар мәселелер туралы ұғымы болу керек. Қазіргі халықаралық-саяси процестің заңдылықтары туралы білу, өзінің әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік, әлеуметтік рөлін ұғыну. Мамандану аясында қаланған білімнің негізін білу; әлемдік бірлестік субъектілерінің өзара әрекет принциптерін, маңызын білу, қазіргі әлемдегі жаһандану және интеграция процесстері. 

Кәсіптік қызмет саласықұқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет пен басқарудың атқару және сайланған органдары,  ,адвокатура, сот, банкілер, әділет органдары, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, жоо, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, сонымен қатар магистрлер  (PhD) академиялық дәрежесін алу үшін ары қарай жалғастырып білім алуға мүмкіндігі бар.

Кәсіптік қызмет түрлері:

  • бейінді дайындық бойынша: халықаралық қатынастар, сыртқы саясат мемлекет аралық байланыс, халықаралық ұйымдар мәселесімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі аналитикалық орталықтар, ұйымдар, мекемелер.
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: ғылыми-зерттеу мекемелері, аналитикалық орталықтар, ұйымдар жоғары оқу орындары,  сыртқы саясат, мемлекет аралық байланыс, халықарлық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі мекемелер, халықаралық ұйымдар, институттар, қорлар, БКБ.


«Шет тілдер» кафедрасы

 7М01701, 7М01702 «Шет тілі: ағылшын тілі» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: білім магистрі,  «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі 

Біліктілік сипаттамасы:  «Шет тілі: ағылшын тілі» магистратурасы түлегінің қаланған ғылыми-педагогикалық және кәсіптік дайындығы болуы керек, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру, басқа тілдегі коммуникативтік-кәсіптік құзіретті болу, лингводидактикалық және лингвистикалық ғылымдар саласында терең білімді болу,  қазіргі практикалық және ғылыми мәселелердің шешімін және түйінін таба білу, ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізе білу, жоо-да оқытушылық қызметте болу, басқару және зерттеу қызметін табысты жүзеге асыра білу. 

Кәсіптік қызмет саласы

  • бейінді дайындық бойынша: орта бейіндегі оқы орындары, кәсіптік бейімделу және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру мекемелері, педагогикалық кадрларды қайта дайындау орталықтары;
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: жоғарғы мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары.


7М02301, 7М02302 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:  Тіл білімініің магистрі,  «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдарының магистрі

Біліктілік сипаттамасы«Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлегінің қаланған ғылыми-педагогикалық және кәсіптік дайындығы болу керек, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу, сақтау әдістерін қосып алғанда заманауи ақпарттық технологияны меңгере білуі,   қазіргі ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін және түйінін таба білу, ғылыми-зерттеу/эксперименталды–зерттеу қызметін жүргізу және жоспарлау.  Келесі мәселелер мен кәсіптік маңызы бар міндеттерді шешу үшін түскен ақпарат бойынша бағалау-сыни, аналитикалық-мағыналық өңдеуді өткізе білу дағдысы;  аударма мәтінін түсіндіру үшін түпнұсқадағы ақпаратты жинақтау, топтау, тұпнұсқа мәтіндегі бейімделу процесін аударма мәтінімен байланыстыру; негізгі мәтіннің логикалық-мағыналық бірізділігін болжау және жеке өзінің аударма стратегиясын анықтау. 

Кәсіптік қызмет саласы:  халықаралық ұйымдардағы кәсіптік қызмет, шетелдік және қазақстандық елшіліктер, әлеуметті қызмет пен кәсіптік салалық тілдік орта бойынша маманданатын мемлекеттік ведомстволар мен қызметтерде, сонымен қатар жоғары, жоғарғы оқу орнынан кейінгі және ғылыми-зерттеу секторлары.

 «Педагогика және  психология» кафедрасы

 7М03103, 7М03104 «Психология» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: әлеуметтік білім магистрі, «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылым магистрі 

Біліктілік сипаттамасы: «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураның түлегінде мамандану аясында қаланған ғылымның негізі болу керек, адам психикасының заңдылықтары мен механизмін, маңызын, қазіргі психологияның тенденциялары мен негізгі жетістіктерін, психикалық құбылыстарды талдау әдісін, психологтың кәсіптік қызметінің технологиясын, кәсіптік этиканың негізгі ережелерін білуі керек және оларды өзінің қызметінде шебер қолдана білуі қажет, өндірісте еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай білу және оны өзгелерден талап ете білуі, мамандық бойынша шет тілінің біреуін еркін меңгеру, қызметкерлер құрамын басқару және менеджмент негізін білуі қажет.        

Кәсіптік қызмет саласы:  мектепке дейінгі ұйымдар, орта мектептер, лицей мен гимназиялар, мамандандырылған білім беру және тәрбие ұйымдары, училищелер, колледждер мен техникумдар, ғылыми-зерттеу институттары, зерттеу орталықтары, спорттық және шығармашылық ұйымдар, денсаулық сақтау ұйымдары, кәсіптік бейімделу және кәсіптік білім беру орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, жұмыспен қамту орталығы, қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталығы,  бизнесті ұйымдастыру өндірістік кәсіпорындары, құқық қорғау ұйымдары мен пенитенциарлы орындар, педагогикалық қараусыз қалған балалар мен жасөсіпірімдерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталықтары, адам мен қоғамның, адам мен техниканың өзара әрекетінің психологиялық мәселелері мен коммуникативті процестері.  

 

 

Магистратураға түсу құжаттары

Магистратурға түсу үшін төмендегі құжаттар тапсырады:

  1. Ұйым басшысының атына жазылған өтініші;
  2. білімі туралы құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі ;
  3. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілдері бар тұлғалар үшін) және кадрлар есебі бойынша жеке парақ;
  4. 3*4 көлемдегі алты фотосурет;
  5.  086-У үлгідегі медициналық анықтама;
  6. жеке куәліктің көшіремесі ( ТАӘ өзиргені туралы құжат (бар болған жағдайда);
  7. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстың тізімдері (егер болған жағдайда).
  8. мемлекеттік тестілеу үшін төлемақы туралы түбіртегі . Төлемақы  «Қазақстан Халық Банк» АҚ арқылы жүргізіледі.

Шетелдік дипломды нострификациялау керек

Реквизиттер:

РМҚК Ұлттық тестілеу орталығы

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

010011, Нур-Султан қ, Жеңіс даңғылы, 60

СТН  600300086081

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX

БИН 000140001853 КБе 16

Қазақстан Халық  Банк  АҚ

 

 

Талапкер күнтізбесі

Талапкер күнтізбесі-2019

Іс-шаралар

Мерзімі

Өтініш қабылдау

03-25 шілде

Қабылдау емтихандары

8 - 16 тамыз

Магистратура қабылдау

28 тамызға дейін

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru