Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Оқудың төлемақы тәртібі

Оқудың төлемақы тәртібі

Күндізгі оқыту түрінде оқу құны сәйкес мамандығына байланысты мемлекеттік білім гранты көлемінен төмен емес көлемде белгіленеді.   ҚАЕУ оқу жүйесіне байланысты  барлық мамандықтағы талапкерлердің әлеуметтік жауапкершілік принципін жүзеге асыру мақсатында бакалавриаттың күндізгі, кешкі оқыту түрі бойынша жеңілдіктер енгізді.  

Төлемақы мерзімі бірыңғай: - кезекті емтихандық сессия басталғанша төлеу қажет. Қазақстан-Американдық еркін университетінде білім алушылардың қалауы бойынша оқу құнының бір реттік, семестрлік немесе ай сайынғы төлемдері қарастырылған.  

Оқу құны- белгіленген және оқудың барлық кезеңінде сақталады. 

1 қыркүйекке дейін жылдық оқу ақысын төлеген студенттер 5% пайыз жеңілдік алады.

ЖОО-да оқудың төлемақысы 3 тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін: 

  1. мемлекет есебінен  -мемлекеттік білім гранты және мемлекеттік білім беру кредиті,  жергілікті (облыстық, аудандық) атқару органдарының, т.б. гранттары мен шәкіртақылары;
  2. мемлекеттік емес көздерден- атаулы шәкіртақылар, халықаралық ұйымдардың гранттары, ЖОО-ның гранты, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жеке гранттары мен шәкіртақылары, әр түрлі демеуші қорлардың демеушілік көмегі және т.б
  3. өз есебінен  -өз қаржысы, банктік кредиттер және т.б.

Қазақстанда екінші жоғары білім алу тек қана ақылы негізде жүзеге асады.

ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН БАНКТІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ 

«Қазақстан-Американдық еркін университеті» ЖШС, 070004, Өскемен қ, М.Горький көшесі,76, БИН 000540002589, КБе 17, Есепшот №  «KZ15826F0KZTD2001576» «АТФ»  АҚ филиалы,  Өскемен қаласы, БИК ALMNKZKA, Есепшот №  «KZ598560000000479760» «Центр Кредит Банк» АҚ филиалы  ,  Өскемен қаласы, БИК KCJBKZKX

ҚАЕУ гранттары

Халықаралық серіктестіктегі Қазақстан-Американдық еркін университеті өз студенттеріне қаржылық қолдау бағдарламасын ұсынатын Қазақстандағы бірден бір жоғары оқу орны. Университет мемлекеттік гранттар мен квоталардан басқа ҚАЕУ студенттердің білім алу мүмкіндіктерін айтарлықтай дәрежеде кеңейтуге жағдай жасайды. Қаржылық қолдау бағдарламасы американдық қорлар мен компаниялардың-университет серіктестерінің тікелей қатысуымен жүзеге асады.  
 

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫ 

ҰБТ мен КТ нәтижесі бойынша жоо-на конкурстық негізде түсу үшін мемлекеттік білім гранты беріледі. Бұл барлық академиялық кезеңі үшін оқу құнын 100  % төлейді және грант иегріне  Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен шәкіртақы тағайындалады.   .  

Грантты беру негізі:  мемлекеттік грантқа  төмендегі тұлғалар ие болуға құқықты: «Алтын белгімен» марапатталған оқушылар, бейінді пән бойынша халықаралық және республикалық олимпиада мен конкурстардың жүлдегерлері. Көрсеткіш бірдей болған жағдайда білім грантын алу конкурсын өткізу кезінде келесі тұлғалардың құқықты медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес  білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларI және II топтағы мүгедектер, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, бала жасынан мүгедек болған тұлғалар, мүгедектер, үздік білімі туралы құжаты бар тұлғалар.     

ҚАЕУ КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗДЕ ТӨМЕНДЕГІ ГРАНТ ТҮРЛЕРІН ҰСЫНАДЫ:

  1. ҚАЕУ Президентінің гранты.
  2. Қорлар мен компаниялармен берілетін гранттар.
  3. «Co-Serve International» (АҚШ) ұйым қорының гранты.
  4. «Е2 Education services»  ұйымының гранты  (АҚШ).
  5. Мемлекеттік білім гранттары
  6. Оқу ақысы бойынша оқу құнын түсіру және жеңілдіктер

ҚАЕУ Президентінің Гранты

ҚАЕУ Президентінің  гранты оқу ақысының төлемі бойынша 10 % пайыздан 100 % пайызға дейін жеңілдіктерін қарастырады және университеттің өміріне белсене қатысып жоғары оқу үлгерімі деңгейіне қол жеткізген студенттерге стипендия тағайындайды

Грантты беру негізі: факультет деканының үсынысы.


Қорлар мен компаниялармен берілетін гранттар

Студенттер университет арқылы немесе өз бетімен оқу бітірген соң жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі бар және оның оқуын төлеуге қызығушылық танытқан демеуші компаниялар тауып алуға мүмкіндігі бар.   Бұл сонымен қатар студенттердің, магистранттардың және PhD докторанттарының оқуының ақысын төлеуге берілетін американдық қорлар мен компаниялардың, жеке тұлғалардың гранттары.

Грантты беру негізі: Президент пен ҚАЕУ-дің американдықтар тарапынан вице президентінің ұсынысы  

«Со Serve International» ұйымының гранты (АҚШ)

"Со Serve International" қоры Портленд қаласында ( Орегон штаты) құрылған ұйым. Негізгі мақсаты: ҚАЕУ халықаралық білім бағдарламасын дамыту және қолдау. Қор ҚАЕУ үздік студенттері мен түлектеріне баклавриат және магистратура  бағдарламасы бойынша АҚШ немесе Канададағы университеттерінің бірінде оқуларын жалғастыруға мүмкіндік береді. Грант таңдаған университетіне байланысты жыл сайын 10000 доллардан 20000 долларға дейін құрайтын оқу ақысын ұсынады. Сонымен қатар, қор  америка бизнесінде жетекші орындағы   шетелдік мамандар тәлімгерлік ететін  «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасын қаржыландырады. Бағдарламаның құны әр студент үшін  – 20000 доллар. 

Грантты беру негізі: Президент пен ҚАЕУ-дің американдықтар тарапынан вице президентінің ұсынысы  

«E 2 Education services» (АҚШ)  ұйымының грантты

«Е2 Education Services» (Сиэттл қ, Вашингтон штаты) – ҚАЕУ-нің жазғы тәжірибесін ұйымдастыру бойынша негізгі серіктесі. АҚШ-дағы ұйымдар мен компаниялардың қосымша демеушілігі кезінде АҚШ-да тәжірибеден өту кезеңінде «E 2 Education services»  ұйымы ҚАЕУ-нің студенттеріне тұратын жері, тамақтану мен көлік шығындары бойынша грант береді.      Бір студентке берілетін гранттың жалпы құны 13500 доллар құрайды.  Тәжірибе Американың 7 штатында ұйымдастырылады: Портленд қ. (Орегон штаты), Сиеттл қ. ( Вашингтон штаты), Чикаго қ. (Иллинойс штаты), Эвенсвиль  қ.(Индиана штаты),  Остин қ. (Техас штаты), Хартфорд қ. (Коннектикут штаты),  АШҚ-ның астанасы Вашингтон қаласы және т.б.

Грантты беру негізі: ҚАЕУ-нің 3-4 курс студенттерінің тәжірибесіне қатысуға конкурстық іріктеуден өту. 
                              


Оқу ақысы бойынша оқу құнын түсіру және жеңілдіктер

  1. Оқу ақысын 1 қыркуйекке дейін толық төлеген студенттер -  5 %. жеңілдікке ие болады.  
  2. Ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген студенттер американдық бағдарлама бойынша 2-курсқа қабылданады.
  3. Шетелге оқуға кететін студенттер жеке оқу кестесіне ауысады, қайтып оралған соң өткен жыл үшін ақысыз және курсты жоғалтпай ары қарай оқуды жалғастырып оқуға мүмкіндік алады.   

Университеттің қаржы қолдауына ие болу үшін қойылатын негізгі талаптар:

  1. Университеттің студенті, магистранты немесе (PhD)докторанты болу.
  2. Академиялық үлгерім бойынша жоғары балл.
  3. Сабаққа қатысудың жоғары пайызы болу.
  4. Университет өміріне белсенділік таныту.
  5. Университет пен демеушілердің қосымша талаптарына сай болу
  6. Қаржылық қолдауға ие болу үшін құжаттарды уақытында және дұрыс толтыру

Білім беру кредит

 1

 «Қаржы орталығы» АҚ

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Білім беру кредиттеріОқу ақысын бүгін төле!

  • кепілзатсыз;
  • кредит мерзімі 12 жылға дейін;
  • кредитті өтеу ЖОО-ды бітіргеннен соң 6 айдан кейін;
  • кредиттің сомасы шектелмейді;
  • тек Қазақстан ЖОО-дарында оқу үшін кредит беру.
 

Білім беру депозиттеріБалаңыздың келешек оқуына қаражат жижинақта!

  • Салымның минималды сомасы – 3 АЕК;
  • Салымшы жарналардың мерзімділігі мен ұзақтылығын өзі белгілейді;
  • Жинақтау мерзімі – 3-20 жыл;
  • Қазақстан және шет елдерінде оқу ақысын төлеу;
  • Табыстылығы 15,5% -дан жоғары:  

           - банктің сыйақысы 10,5%;

           - мемлекет сыйлықақысы 5% немесе 7% (әлеуметтік категория).

Консультация:

 «Қаржы орталығы» АҚ:

Мекен-жайы: Астана қ, Орынбор көшесі, 18
Тел/факс: 8 (7172) 695-060, 448-868

        8 800 080 28 28 (тегін)  
Сайт: www.fincenter.kz

E-mail: fincenter@fincenter.kz

«Қаржы орталығы» АҚ өкілдігі

Мекен-жайы: Алматы қ, Аль-Фараби проспектісі , 71 

(Аль-Фараби атындағы ұлттық университеті, 1 қабат, 109 офис)

Тел:8(727)3773419, 3173630, 8(702)1396981

E-mail: fc_garant@mail.ru

 080820162

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru