Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Новости

Мансап және Тұлға дамуының халықаралық орталығы

2011 жылдың қараша айынан бастап ҚАЕУ жанындағы «Көшбасшылыққа оқыту Орталығы», «Мансап және Тұлға дамуының халықаралық Орталығы» болып қайта өзгертілді.

Жоба жетекшісі, американдық тараптан ҚАЕУ вице-президенті Дэниел Бэлласт әңгімелейді:

Дэниел Бэлласт

- «Мансап және Тұлға дамуының халықаралық Орталығы» жұмысын Лингвистикалық және Бизнес бағыттары бойынша жүзеге асырады. Лингвистикалық даярлыққа Қазақстанда да, шетелдерде де (Америка, Ұлыбритания, Филиппин) ағылшын тілін оқып-үйрену жөніндегі әртүрлі курстар мен бағдарламалар және де қазақ тілі курстары да кіреді. ҚАЕУ бәсекелестік артықшыларының бірі – ағылшын тілін тереңдетіп оқып-үйрену. Бұл бағытта университеттің көп атқарылған істері бар. Көпжылдық халықаралық ынтымақтастық бізге шетелдік оқытушыларды курстарға қатысуға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Оқытушыларды корпоративтік оқытуға және тілдік даярлығына ерекше көңіл бөлінетін болады. «Көшбасшылық халықаралық Академиясы» бағдарламасына енді тек студенттердің ғана емес, сонымен бірге университет оқытушыларының да қолы жетеді.

Мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіптік өсуі мақсатында қазақстандық және шетелдік оқытушылар мен маман-практиктердің қатысуымен бизнес-білімнің әртүрлі формалары қолданылады: бизнес-тренингтер, тақырыпнамалық қысқа мерзімді семинарлар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары және т.б.

Орталық ACBSP американдық ұйымның аккредитациясынан өткен басшылар үшін МВА бірегей бағдарламасын ұсынады. Басшылар үшін МВА – бұл бизнесте табысты басқару мансабының кілті. Магистрлік диссертацияны қорғағаннан кейін түлектер, басшылар үшін Іскерлік Әкімшілік ету Магистрі дәрежесі берілгені туралы диплом алады.

Оқытудың еуропалық сапасы мен үлгісіне бағдарланып, біз қазақстандық бизнестің ерекшеліктерін есепке аламыз, мұның өзі біздің бағдарламамызға сөзсіз артықшылық береді.

«Мансап және Тұлға дамуының халықаралық Орталығы» ҚАЕУ студенттері мен қызметкерлерінің де, қала қауымының да кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Международный центр развития Карьеры и Личности» открывает новые возможности для развития профессионального и личностного роста, как студентов и сотрудников КАСУ, так и общественности города».

Марапатыңызбен құттықтаймыз!!!

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайрұлын «Білім мен ғылымды дамытуға қосқан зор үлесі үшін» (№1 куәлік) төсбелігісін алуымен құттықтаймыз.

Шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз!

БІЗ СІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!

ҚАЕУ ұжымы

ҚАЕУ – Назарбаев Университеті

КАСУ – Назарбаев УниверситетҚазақстан - Американ еркін университетіне құрамында Назарбаев Университетінің (НУ) президенті Шигео Катсу, НУ  ғылым және технология Мектебінің профессоры Юджин Дуглас және НУ қабылдау жөніндегі Департаменттің менеджері Гульназ Булебаева бар Назарбаев Университетінің делегациясы ресми сапармен келіп қайтты.

Астаналық әріптестер ҚАЕУ президенті Е.Ә.Мәмбетқазиевпен және университеттің қызметкерлерімен, оқытушылық-профессорлық құрам және студенттермен кездесу барысында еліміздің Шығысындағы университеттің халықаралық ынтымақтастықта жеткен зор табыстарымен танысты.

Толығырақ: ҚАЕУ – Назарбаев Университеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті Ғылыми Кеңесінің мәжілісі

2011 жылдың 10 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университеті Ғылыми Кеңесінің мәжілісі болып өтті.

Іс-шараның барысында, ұзақ мерзімді «2010-2017 жылдарға арналған ҚАЕУ даму стратегиясына» негізделген университеттің 2011-2012 оқу жылы ағымдағы жоспарының жүзеге асырылуына талдау жасалды және де университеттің тұрақты дамуына бағытталған басымдық міндеттерін шешуге бүкіл ұжымның күш жігерін жұмылдыруға мүмкіндік беретін бірқатар мәселелер қаралды.

Толығырақ: Қазақстан-Американдық еркін университеті Ғылыми Кеңесінің мәжілісі

ҚАЕУ шетелдік оқытушылары

Бірінші жартыжылдық оқу жоспарына сәйкес ҚАЕУ-іне Украина, Ресей, Америка Құрама Штаттары: (Вашингтон, Орегон, Колорадо, Вайоминг, Техас) сияқты елдерден 20-дан астам шетелдік оқытушылар мен тәжірибелі маман –практиктер келді.

Шетелдік мамандар үйрететін семинарлар, тәжірибе алмасу бойынша дөңгелек үстелдер өткізіп, ҚАЕУ-дегі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, дәрістер оқиды.

Өнер Магистрі дәрежесіне ізденуші, қазіргі уақытта -«Perry&Young» Тістехникалық зертханасының керамика бөлімшесінің Менеджері Брайан Янг 2009 жылдан бері ҚАЕУ-де «Стратегиялық менеджмент» пәнін оқытады. Ол жеке даярлап жасаған курс бағдарламасы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Иностранные преподаватели КАСУ

Әділет соты әкімшілік ету саласындағы ғылым магистрі, Вайоминг Университетінің профессоры Кери Хек саяси ғылымдар саласында PhD докторы ғылыми дәрежесін Вашингтонның Мемлекеттік Университетінде алды. ҚАЕУ қонақ лекторы ретінде бакалавриат және магистратура бағдарламаларының студенттеріне «Қылмыстық құқық» бойынша дәріс оқиды.

Ағылшын тілін тереңдетіп оқу, студенттердің тіл иелерімен – ағылшын тілі оқытушылары  Джереми Лайб, Марой Голсон, Джули Ингоуфпен тікелей қарым-қатынастың арқасында қамтамасыз етіледі.

ҚАЕУ шетелдік серіктестермен тығыз қарым-қатынасы, оқытуда озық технологиялар мен әдістемелерді қолдануға мүмкіндік береді. Студенттер жаһандық тұрғыдан қарау және мәдениаралық байланыстың елеулі тәжірибесін жинайды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru