Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Новости

КАСУ колледжінде 2012 жылдың 28-нен 30 май аралығында өткен мұғалімдердің біліктілігін көтеру курсы бойынша ақпарат

Туризм саласында кадрлар дайындау бойынша Салалық Кеңестің 2012 жылға жасалынып бекітілген жоспары бойынша КАСУ колледжінде «Туризм» және «Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету» мамандықтарының мұғалімдеріне арналған «Туризм және қонақ үй бизнесі : Индустрияны дамыту және кәсіптік білім» тақырыбында біліктілікті көтеру курсы өткізілді.

Толығырақ: КАСУ колледжінде 2012 жылдың 28-нен 30 май аралығында өткен мұғалімдердің біліктілігін көтеру...

ҚАЕУ-талантты жастардың университеті

2012 жылғы 27-28 қаңтар күндері  жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының облыстық туры болып өтті.

Аталған олимпиадаға  әр түрлі аудандар мен қалалардан облысымыздың интеллектуалдық болашағының өкілдері деп атауға болатын барлығы 500-ден астам оқушы қатысты. Олимпиада ШҚО білім Басқармасы мен көптеген жылдар бойы Қазақстан-Американдық еркін университетімен бірлесіп жемісті жұмыс істеп келе жатқан «Дарын» РҰПО жетекшілігімен өтті.

Толығырақ: ҚАЕУ-талантты жастардың университеті

Педагогтардың семинары

Семинар для педагогов

2012 жылғы 20 қаңтарда ҚАЕУ мен Өскемен қалалық білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен, Қазақстан-Американдық еркін университетінде шығармашылық жұмыспен айналысатын педагогтарға арналған «Оқушыларды ғылыми жарыстарға дайындау сапасын арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға қаламыздағы жалпы білім беру ұйымдарының 40-тан астам мұғалімдері қатысты.

Толығырақ: Педагогтардың семинары

Біз жаңа жылды қарсы алдық

Желтоқсан айының соңында ҚАЕУ студенттері мен оқытушылары салтанатты түрде жаңа 2012 жылды қарсы алды.

Биылғы жылы студенттердің жаңа жыл кеші «Тахами» түнгі клубында бал-маскарад стилінде өтті. Студенттердің әдемі киімдері мен ерекше образдарын көрсету мүмкіндігі болды. Би билеп, ән, құттықтау тілектері айтылды, факультет жұлдыздары өнер көрсетті.

Толығырақ: Біз жаңа жылды қарсы алдық

Құттықтаймыз!!

Қазақстан-Американдық еркін университетінің ұжымы «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы

Бордияну Илона Владимировнаны

«Менеджмент» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтайды!

Алдағы уақытта кәсіби дәрежеңіздің артып, зор шығармашылқ табыстарға жетуіңізге тілектеспіз!!!

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru