Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Университеттің үздік оқытушысы» сайысы

01.09.2018 ж. - 06.12.2018 ж. аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінде жыл сайын өткізілетін "ҚАЕУ Үздік оқытушысы - 2018" байқауы ойдағыдай өткізілді.  Шара мақсаты - білім беру сапасын арттыру, оқу орнымыздың профессорлық-оқытушылар құрамының шығармашылық бастамаларын қолдау және кәсіби шеберліктері бойынша әдістемелік көмек көрсету, үздік оқытушыларды марапаттау болып табылады. Сайысқа университеттің берілген лауазымда кемінде үш жыл жұмыс істеген штаттағы оқытушылары қатысты.

2018 жылғы 1 қазанға дейін Байқау туралы ережеге сәйкес алғашқы іріктеу кезеңі өткізілді. «ҚАЕУ үздік оқытушысы - 2018" атағына үміткерлер бұл кезеңде оқытушының сапалық және сандық көрсеткіштерін  сипаттайтын құжаттарын ұсынды.  

Екінші тур үміткерлердің базалық кәсіби құзыреттіліктері бағаланатын ашық сабақ жүргізу түрінде өткізілді.

Екі кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

1 орын – Алембаев Кайрат Оралханович -  PhD докторы, "Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті;

2 орын – Мұратұлы Дидар – техника ғылымдарының магистрі, "Бизнеса" кафедрасының аға оқытушысы;

3 орын – Герсонская Валентина Владимировна – білім беру магистрі, «Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы.

 100

 

PhD докторы, "Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті – Алембаев  К.О.  5В030100 «Құқықтану» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалды құқығы» пәні бойынша ашық практикалық сабағын өткізді.

Практикалық сабақ тақырыбы: Тергеу және процессуалды әрекеттерді жүзеге асыру.

Сабақ мақсаты - қылмыстық істер саласындағы тергеу және процессуалды әрекеттерді жүзеге асыру бойынша практикалық білімдерін тереңдетіп, бекіту.

Белгіленген мақсат төңірегінде ҚР әрекеттегі Қылмыстық процессуалды кодексіне сәйкес тергеу және процессуалды әрекеттердің ерекшеліктері қарастырылған. Практикалық сабақ практика жүзінде қылмыстық-процессуалды нормаларды қолдану бойынша дағдыларды қалыптасытыруға, ҚР ҚПК сәйкес тергеу және процессуалды әрекеттердің мазмұны бойынша білімдерін бекітуге, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс шеңберінде тергеу және процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру бойынша бағдар алудың практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған.  Сабақ барысында келесідей әдіс-тәслдер қолданылған: түсіндіру, жүйелі әңгімелесі, пікірталас, сауалнама, формалды-логикалық модель құрастыру, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, нормативті-құқықтық акттермен жұмыс, рөлдік ойын, топтық жұмыс.  Сабақ барысында оқытушы алдына қойған мақсаттарына жетіп, практикалық сабақ барысын үйлесімді жүргізіп, студенттердің танымдық белсенділіктерінің артуына барлық жағдай жасады.

 101

  

2 орынды иеленген  техника ғылымдарының магистрі, "Бизнеса" кафедрасының аға оқытушысы;– Мұратұлы Дидар «Ақпараттық жүйелер» мамандығының көптілді кадрлар дайындау бағдарламасында оқитын  4 курс студенттерімен «Компьютерлік графика» пәні бойынша ашық сабағын өткізді.

Ашық практикалық сабақтың негізгі мақсаты – заманауи логотиптерді жасайтын бағдарламалық құралдарды пайдаланудың негізгі әдістерін бекіту.  Компьютерлік графика – бағдарламалық аппараттық есептеуіш комплекстердің көмегімен бейнелерді құру және өңдеу әдістерін оқытатын информатиканың маңызды саласы. Компьютерлік графика бейнелеудің барлық түрлерін және әр түрлі кескіндерді компьютердің көмегімен алуды толық қарастырады. Компьютерлік графикасыз қазіргі заманда материалдық әлемді елестету мүмкін емес. Сабақ қазақ тілінде білім алатын топта ағылшын тілінде кіріктіріп оқыту әдістемесінің элементтерін пайдалану жолымен өткізілді. Практикалық сабақ барысында оқытушы компьютерлік модельдерді құру талаптары мен стандарттарына сәйкес орындалған автомобильдерді өндіретін жетекші компаниялардың логотиптері түрінде компьютерлік дизайндау және нысандардың графикалық көрінісін жасау бойынша дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін интербелсенді әдістерді қолданды.

Сабақ барысында тесттік тапсырмаларды тексерудің заманауи әдістері қолданылды.

 

102

 

Білім беру магистрі, «Шет тілдері» с кафедрасының аға оқытушысы – Герсонская Валентина Владимировна, 5В020700 «Аударма ісі» мамандығының 4-курс студенттерімен «Ауызша аударма практикасы» пәні бойынша ашық сабағын өткізді.

«Синхронды аударма» тақырыбындағы сабағының  барысында жаңа әдістемелерді пайдалануға тырысты:

«Kazakhstan on International Arena» тақырыбындағы видео-мәтінді аудартқыза отырып, аудармадағы сөз сөйлеу жылдамдығы, мөлшері, аударма тұтастылығы (ақпарат санының қаншалықты кеміп қалғаны), айтылған сөздердің бұрмаланып кетпеуінен сақтану, сөйлеу реттілігі (түсініктілігі), сөйлемді анық, ұғымды тиянақтап аяқтау, сөз қайталауларға жиі жол бермеу, сөйлеу дұрыстығы (əдеби тіл нормасын сақтау, ауызекі қарапайым сөздердің қатыспауы, дикцияның дұрыстығы, дауыс əуезділігі, айқындылығы, аудармашылық мінез-құлық (емеурін ишара, ұстамдылық, дауыс көтеріңкілігі (қаттылығы), сөз сөйлеу сенімділігі, еркіндік, сабырлылық сияқты аудармашы бойында болу керек машықтарды практикалық жақтан дамыту бойынша жаттығу жұмыстарын орындатқызды.

Байқау жоғары деңгейде өткізіліп, ашық сабақтарға қатысқан оқытушылар өзара тәжірибе алмасып, студенке бағытталған түрлі әдіс-тәсілдердің озық үлгілерімен танысуға мүмкіндік алды.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru