Заңгерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы.

2015 жылдың 18-қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  ШҚО бойынша  Департаментінде Өскемен қаласы жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері мен өкілдері қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және кез келген сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін атмосфераны құру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім міндеттері мен мақсаттарын түсіндіру және осы бағытта бірлескен әрекет жоспарын талқылаған  диалог алаңына қатысты.      

Агенттікпен бейне конференция аяқталған соң ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  ШҚО бойынша  Департаменті жетекшісінің орынбасары-тәртіптік кеңес Төрағасы Жумагулов Т.К. «Әр азамат қоғам мүшесі ретінде бұл істен шет қалып қалмауы керек. Сондықтан барлықтарыңызды ашық келісімге бірігуге және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз»-деді.    

25111

Іс шара аяқталған соң барлық қатысушылар ашық келісімге бірігу туралы актіге қол қойды. 

                 

Хайруллина Л., «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті