Бәсекелестік басымдылықтары

Қазақстан Американдық Еркін Университетінің 24 жыл бойы жеке меншік ЖОО ретінде халықаралық серіктестікте қалыптасып, жинаған тәжірибесі ЖОО-ның дамыған әлемнің қойған талаптарына сәйкес келетін мамандарды дайындау үшін жаңа парадигма құруына себеп болатын бірқатар артықшылықтары бар деуге толық негіз береді.  

Ағылшын тілі мен компьютерлік технологияларды жеделдетіп оқыту.

 

 ЖОО негізгі басымдылығы- халықаралық құқық, менеджмент, бизнес пен ақпараттық жүйе, мамандығын ғана игеріп шықпаған жаңа формациядағы мұғалімдерді, сонымен қатар компьютерлік технология мен шет тілі саласында бакалаврларды, магистрлерді, PhD докторларын ағылшын тілінде дайындау    

ЖОО-ның моделі үш бағдарламадан тұрады: американдық бағдарламадан,  (оқыту ағылшын тілінде және орыс тілінде), қазақстандық бағдарламадан (оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) және көп тілді (оқыту қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде).

ҚАЕУ түлектерінің бәскеге қабілеттіліктері төмендегі басымдылықтардан тұрады:

Жыл сайын Қазақстанда Оклахомск Университеті (АҚШ) бизнес мектебінің студенттері мен Нортвест Университеті (АҚШ) медбикелік ісі факультетінің студенттері үшін қарым-қатынас, тілдік практика мақсатында жазғы мәдени-лингвистикалық бағдарлама ұйымдастырылады

Аса дарынды студенттер үшін –«Халықаралық көшбасшылық»  бағдарламасы бар, осы бағдарлама негізінде Қазақстанның болашақ көшбасшылары АҚШ, Европаның білім беру саласындағы білікті жетекшілердің тәлімгерлігімен қосымша оқыту курстарынан өтіп Көшбасшылық академиясында (Портланд қаласы, Орегон штаты) тағлымдамадан өтеді және сертификат алады.