Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жалпы мәлімет

ҚАЕУ МІНДЕТІ: «Егеменді Қазақстан игілігі үшінXXIғасыр көшбасшыларын қалыптастыру» 

 

ҚАЕУ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ: 

  1. Бәсекеге қабілетті кадрларды дайындаудың сапалы қаматамасыз етілуі.
  2. Тиімді менеджментті ұйымдастыру және кадрлық әлеуетті дамыту.
  3. Ғылыми- инновациялық үдерістің жаһандануы.
  4. Халықаралық ықпалдың жүйелі дамуы.
  5. Студенттердің кәсіби, шығармашылық, көшбасшылық құзыреттіліктерінің дамуы.
  6. Университеттің әлеуеттік қорының дамуы және қаржы- экономикалық ахуалының тұрақты қамсыздандырылуы
  7. ЖОО-ға дейінгі сектордың дамуы.
 
 
 
 
Қазақстан-Американдық еркін университеті халықаралық серіктестіктегі  меншік жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің салтанатты түрде ашылу және оның алғашқы түлектеріне диплом тапсыру кешіне ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өзі қатысты. Н.Назарбаев университеттің бірінші «Құрметті профессоры». ЖОО-ның басшылық құрамында – АҚШ азаматтары: қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен, халықаралық бағдарламалар және халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бойынша вице-президент Дэниел Бэлласт бар. 2014жыл университет өзінің 20 жылдығын атап өтті. ЖОО ҚР білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік үш аттестаттауынан өтті. Университеттің алты мамандығы ACBSP (АҚШ) (бағдарламалар мен алқалық бизнес-мектептердің ассоциациясы, АҚШ)  ұйымының халықаралық мамандандырылған аккредитациясына ие болған.       ЖОО негізгі басымдылығы-таңдаған мамандықтан басқа ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны меңгерген мамандарды дайындау. Университет контингенті 2000-нан артық студенттер, магистранттар PhD докторанттарын құрайды.
ЖОО моделі екі бағдарламадан тұрады: американдық, қазақстандық және коптілділік.  «Co-Serve International» (АҚШ) ұйымы мен Қамқолық Кеңесінің қатысуымен американдық бағдарлама аясында менеджмент, құқық, ақпараттық жүйелер, шет тілі саласында бакалавлар мен магистрлерді және Ph.D докторларын дайындалады. Олардың білім бағдарламасына құйған инвестициялары мен жоо-ның техникалық базасына кеткен қаржысы жылына  300.000 доллар мөлшерін құрайды.    АҚШ, Канада, Европа мен Австралия мамандарын тарта отырып болашақ мамандар ағылшын тілінде оқытылады.  Жыл сайын оқу процесіне  40- қа жуық шетелдік оқытушылар қатысады. 200-ден артық студенттер мен магистранттар АҚШ-ның жетекші компанияларында, банктерінде және биржаларында («INTEL», «NIKE», «LEXUS» және т.б..) кәсіптік практикадан өтті.  Қазақстанда практикадан өту жағы көбінесе шетелдіктер жұмыс істейтін компанияларда қарастырылады. Оқытудың жоғары деңгейі «МUSKIE», «IREX», «DAAD» бағдарламалары мен Президенттік «Болашақ» және т.б. бағдарламалар аясында АҚШ, Ұлыбритания және Германия университеттерінде студенттер білім алған көптеген гранттармен расталған.  
ЖОО-ның аса дарынды 8 студенті  магистратурадағы, докторантурадағы оқуды ары қарай жалғастыру үшін Нортвест Назарин университетінің (АҚШ) гранттарына ие болды.
Университет базасында жыл сайын американдық студенттермен бірлесе отырып мәдени-лингвистикалық бағдарламалар өткізіледі. Түлектер бір мезгілде қазақстандық және американдық диплом алады, сонымен қатар ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны  меңгергені туралы сертификатқа ие болады.
Қазақстандық бағдарлама күндізгі, кешкі және сырттай оқыту түрі негізінде  әр түрлі гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша соның ішінде, педагогикалық бағыттағы түлектер басқа жоо-мен салыстырғанда қолдарына дипломмен бірге ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны  меңгергені туралы сертификат алады және олардың бәсекеге қабілеттілігі артады, маман ретінде жаңа ұрпақты тәрбиелеу бойынша ауылдық мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.    ЖОО-ның түлектерінің бәсекеге қабілеттілігі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.  Бүгінгі таңда түлектеріміз ҚР Сыртқы істер Министрлігінде, Қаржы Министрлігінде, «Каз  Цинк» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен ТМК», «АЗИЯ АВТО» АҚ сияқты отандық және «AES», «Казахойл», «Шеврон Тексако», «Procter and Gamble»,  «Deloitte and Touch» аудиторлық фирмасында, т.б. шетелдік компанияларда табысты қызмет етуде.  ЖОО студенттерін АҚШ университеттерінде қашықтықтан тегін оқыту мүмкіндігімен бірге  жаһандық  «INTERNET» желісі ресурстарына қол жетімділігі қарастырылады.  
  

ЖОО «Американдық мәденит алмасу» Ассоциациясымен ағылшын тілін АҚШ университеттерінде жүйелі түрде оқыту, үздік компанияларда тәжірибелер мен жұмыс өтілімдерін ұйымдастыру бойынша эксклюзивті өкілі болып табылады. Университет құрылымында көпсалалы колледж, Іс жүргізу бойынша білім беру мен біліктілікті арттыру орталығы, Жеке тұлға мен мансапты дамыту орталығы бар. Университет Қазақстандағы АҚШ елшілігімен, АҚШ-тағы Қазақстан елшілігімен, сонымен қатар, американдық және ресейлік көшбастаушы университеттермен тығыз байланыс орнатқан. Атап айтқанда: Нортвест Назарин университеті, Конкордия университеті, Уорнер Пасифик университеті, Аризондық мемлекеттік университеті, Санкт-Петербургтік ақпараттық технология, механика және оптика ғылыми-зерттеу университеті, Алтай мемлекеттік университеті және Сібір кооперация тұтынушылық университеті. Университеттің 6 оқу корпусы, АҚШ-та 2 кеңсесі (Орегон және Флорида штаттары), компьютерлік сыныптары, оқу зертханалары, спорт залдары, типография, заманауи кітапхана, жабдықталған қонақ үйі, жатақхана, оқу-өндірістік «Сібе» кешені және демалыс орны бар.

ҚАЕУ-дің 24 жыл бойғы қызметінде:       

  1. Халықаралық Қамқорлық Кеңесінің қолдауымен  ҚАЕУ-дің  оқу үдерісіне 500-ге жуық АҚШ университеттерінен шетелдік серіктестер қатысты;
  2. 700 студент, магистрант және докторанттар халықаралық бағдарламалар мен АҚШ-та тәжірибе жинау бағдарламасының қатысушысына айналды;
  3. 11000-ға жуық маман дайындалды, соның ішінде 4000-ы ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар және оның 600-ге жуығы американдық бағдарлама арқылы екі диплом алған студенттер (қазақстандық және американдық) және компьютерлік технологияны, ағылшын тілін меңгергендігі туралы сертификат алған мамандар;
  4. «Менеджмент» және «Заңтану» мамандықтары бойынша 15 PhD докторы дайындалды;
  5. 10 студент пен магистрант «Болашақ» бағдарламасы бойынша грант иегерлері атанды;
  6. 60-тан аса ҚАЕУ оқытушысы мен жұмыскерлері АҚШ-тың алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алып, тәжірибеден өтті;
  7. 95 студент пен магистрант АҚШ университеттерінде қашықтық оқу курсынан өтті.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)500-300 +7(7232)502-945
+7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru