Городской вуз международного партнерства / Государственная лицензия АБ 0137478
Международная аккредитация ACBSP (США) / Институциональная и специализированная аккредитация НКАОКО (Казахстан)

Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай және әлемдік өркениет» атты облыстық конференция

Қазақстан-Американдық еркін университеті Шығыс Қазақстан облысының қазақ, орыс тілдерінде білім беретін мектептерінің 10, 11-сынып оқушылары, колледж білім алушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған  «Абай және әлемдік өркениет» атты облыстық конференция өткізілетіні жайлы хабарлайды.

Конференцияның  өткізілу уақыты мен орны:

Конференция 2020 жылдың 26 ақпан күні сағат 13.00-де Горький көшесі, 76 мекенжайында орналасқан Қазақстан-Американдық еркін университетінің акт залында өткізіледі.

Облыстық конференция тақырыбы төмендегі мәселелерді қамтуы тиіс:

-  әлем таныған Абай; Абай және түркі өркениеті; Абай және Еуропа; Абайдың қара сөздеріндегі жаһандық мәселелер; Абайдың шетелдегі рецепциясы.

Конференцияға қатысушылар:

Мектеп оқушылары, колледж, университет студенттері.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақша

Ұйымдастыру комитеті материалдар ұсынылған тақырыпқа сай келмеген жағдайда, оларды кері қайтару құқығын өзіне қалдырады. Баяндаманың тілі ғылыми стильді сақтауы қажет.

 Барлық өтінімдер 2020 жылдың 20 ақпанына дейін nuri_8610@mail.ru электронды мекен-жайына «Конференцияға қатысу бойынша ұсыныс» тақырыбымен қабылданады.

Конференцияға ұсынылған мақалалар жинаққа енеді. Жинақтың  жарнасы – 2000 тг. (жинақты алу қатысушы тараптың өз еркінде).

БАЯНДАМА ҮШІН МАТЕРИАЛДАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Мәтіннің машинамен жазылған  3 -тен 6-ға дейінгі толық беті, Times New Roman 14 әрпі, мәтін 1 аралық арқылы, абзацтың бос жері– 1 см, барлық ашық жер–3 см

                                                         ҮЛГІ

АБАЙДЫҢ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ОРНЫ

Арманов А.Р.

Оқу орны, қала (кент)

Мәтін (тақырыптың өзектілігін міндетті түрде негіздеу!)

Әдебиет тізімі (егер қажеттілік болса)

                       Баяндамаға өтінім жасау үлгісі

  1. Қатысушының аты, әкесінің аты, тегі.
  2. Ғылыми жетекшінің  аты, әкесінің аты, тегі.
  3. Баяндаманың аталуы.
  4. Жұмыс орны мен академиялық мәртебесі
  5. Байланыс деректері (мекенжай, телефон, E-mail).

Ұйымдастыру бойынша сұрақтар болған жағдайда 8/7232/50-29-45 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Attachments:
Download this file (Письмо Абай конфер.pdf)Письмо Абай конфер1369 kB271 Downloads
Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Казахстанско-Американский Свободный Университет (КАСУ, ВУЗ). Все права защищены.

Республика Казахстан, ВКО, г. Усть-Каменогорск, 070000, ул. М. Горького, 76

+7(7232)500-300 +7(7232)505-030  +7(7232)50-50-10 +7(7232)50-50-20

kafu_ukg@mail.ru