Городской вуз международного партнерства / Государственная лицензия АБ 0137478
Международная аккредитация ACBSP (США) / Институциональная и специализированная аккредитация НКАОКО (Казахстан)

Бутабаева Н.К.

Бутабаева Н.К. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы ерекше бөлімі бойынша есептер жинағы: Оқу құралы. - Өскемен, 2014. - 100 б. (6,25 п.л.). ISBN 978-601-7334-51-2

Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі өзара тығыз байланыста болады, осы екі бөлімнің жиынтығы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығын құрайды.

Қылмыстық құқықтың өзін Жалпы және Ерекше бөлім деп бөлудің себебі, осы пәнді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең оқытудың қажеттігінен туындап отыр. Негізінен алғанда Жалпы және Ерекше бөлім тұтастай бір қылмыстық құқық ғылым пәнін құрайды.

Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі сот тәжірибесінде айқын көрінеді. Жалпы бөлімнің нормаларын басшылыққа алмайынша Ерекше бөлімнің нормаларын қолдану мүмкін емес, немесе керісінше Ерекше бөлім нормалары болмаса Жалпы бөлім нормаларының іске асырылуы мүмкін емес. Жалпы және Ерекше бөлімдердің мақсаты қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңдылық баға беріп, істелген қылмыс үшін заңда белгіленген жазаны әділ қолдану болып табылады.

Берілген оқу құралын семинар-тәжірибелері оқуларына дайындалу негізде, қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бойынша емтихан тапсыруға дайындалған кезде студенттер осы пәнді оқу барысында иемденген білімдерін жүйелеп және нақтылай алады.

Оқу құралы  Ерекше бөлімнің әрбір тарауы бойынша оларға жалпы сипаттама беріле отырып, сол тарауға кіретін жекелеген құрамдарға талдау жасалады.Оқу құралы құқықтану мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріінің теориялық және тәжірибелік сабақтары барысында пайдалануға арналған.

Есептер жинағына Қылмыстық құқығы ерекше бөлімінің әр тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақтардың жоспарлары, есеп тпсармалары, әдебиеттер тізімі және нормативтік актілер енгізілді.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Казахстанско-Американский Свободный Университет (КАСУ, ВУЗ). Все права защищены.

Республика Казахстан, ВКО, г. Усть-Каменогорск, 070000, ул. М. Горького, 76

+7(7232)500-300 +7(7232)505-030  +7(7232)50-50-10 +7(7232)50-50-20

kafu_ukg@mail.ru