Городской вуз международного партнерства / Государственная лицензия АБ 0137478
Международная аккредитация ACBSP (США) / Институциональная и специализированная аккредитация НКАОКО (Казахстан)

Умитчинова Б.А.

Умитчинова Б.А. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығы: Оқу-әдістемелік құралы. - Өскемен, 2014. - 99 б. (6,2 п.л). ISBN 978-601-7334-35-2

Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық ҚР Конституциясының 28-бабында баянды етілген: «Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады».

Әлеуметтік қамсыздандыру – бұл жынысына қарамастан адамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және өзге де құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясаты.

Қолданыстағы заңдарда әлеуметтік қамсыздандыру түсінігі салыстырмалы түрде тар мағынада пайдаланылады: ол адамның өмір сүру саласындағы құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясатын білдіреді. Сонымен бір мезетте, халықты әлеуметтік қамсыздандыру концепциясы, мемлекеттің күрделі жағдайларға ұшыраған кез келген азаматқа оның еңбек стажына, зейнетақы жарналарының мөлшеріне және т.б. қарамастан беретін кепілдіктерін заң-шығармашылық тұрғыдан бекітілуінен тұрады.

Берілген оқу құралын семинар-тәжірибелері сабақтарына дайындалу негізде, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша емтихан тапсыруға дайындалған кезде студенттер осы пәнді оқу барысында иемденген білімдерін жүйелеп және нақтылай алады.

Оқу құралының әрбір тарауына жалпы сипаттама беріле отырып, сол тарауға кіретін жекелеген құрамдарға талдау жасалады. Оқу құралы «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттерінің теориялық және тәжірибелік сабақтары барысында пайдалануға арналған.

Есептер жинағына «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» пәнінің әр тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақтардың жоспарлары, есеп тапсырмалары, әдебиеттер тізімі және нормативтік құқықтық актілер енгізілді.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Казахстанско-Американский Свободный Университет (КАСУ, ВУЗ). Все права защищены.

Республика Казахстан, ВКО, г. Усть-Каменогорск, 070000, ул. М. Горького, 76

+7(7232)500-300 +7(7232)505-030  +7(7232)50-50-10 +7(7232)50-50-20

kafu_ukg@mail.ru