Городской вуз международного партнерства / Государственная лицензия АБ 0137478
Международная аккредитация ACBSP (США) / Институциональная и специализированная аккредитация НКАОКО (Казахстан)

Стракатов Николай

Сіздерге тілейтінім:

ҚАЕУ студенттеріне қу, бірақ адал болуларын, оқутушыларына қатал, бірақ мейірімді болуларын тілеймін.

 

Сағынышпен еске алатыным:

Мен университет қабырғасында, әсіресе біздің тобымызда болған қызықты жағдайларды сағынатын боламын.

Сенің ағаттық жіберіп айтқандарыңа оқытушылардың түйреп тұрып жауап беретіндерін сағынатын боламын.

Оқу үрдісінен алынатын пессимизм мен оптимизмді сағынатын боламын.

Сабаққа кешіккен жағдайда сылтау іздеуге тырысуымды сағынатын боламын.

Оқытушылар мен студенттердің әсерлі айтқан лайф-сторилерін сағынатын боламын.

Ағындық сабақтарды сағынатын боламын.

Жолдастарымды, оқытушыларымды, қонақтар мен іс-шараларды сағынатын боламын.

 

Менің болашағым:

Болашақта бізді өз қолымызбен салған жолымыз мен мүмкіндіктеріміз күтіп тұр. Мақсатыңа сеніп, оған жету үшін қолыңнан келгенді жасау – бастысы осы. Жартылай қол жеткізген үлкен мақсат толығымен орындалған ұсақ мақсаттан әлдеқайда қымбатырақ деп ойлаймын.

 

ҚАЕУ-дегі өмірімдің тарихынан:

11-сынып пен ҰБТ артта қалған соң, менің алдымда қандай университетке түсу керек деген таңдау тұрды. Менің заңгер мамандығының, заңның мәнін түсінгім келді, адамдарға көмек көрсетудің дағдысын меңгергім келді. Сондай-ақ ағылшын тілімнің деңгейін көтергім келді. Осы талаптарға жауап беретін ҚАЕУ болып шықты.

Студенттік жылдар көптеген ұмытылмас әсерлер қалдырды. Әсіресе оқытушыларға разы болдым. Олармен алғашқы рет сөйлескенде, деңгейлерінің жоғары екенін сезіп, алдыңда тұрған білім қамалын көп жылдар бағындыру керек екенін түсінесің.

Барлық шараларға қатысып, ғылыми конференциялар мен олимпиадаларды да қылдырмайтынмын. Бұның арқысында дамудың жеке деңгейі көтеріліп, өз алдыңда жаңа белестерді көруге мүмкіндік туады. Әкемнің кеңесі осындайда есіме түседі: өзіңнен білімдірек, ақылдырақ адамдармен аралас, күндердің күнінде сен олардан асып түсесің.

Университеттегі кейбір сабақтарымыз стандарттан тыс, басқаша ойлау мен сараптауға мүмкіндік беретін. Ондай сабақтарда ағылшын деңгейін көшбасшылық қасиеттермен бірге арттыруға болатын. Оның арқасында ерекше, шығармашылықпен ойлауға үйрендік.

Жалпы, ҚАЕУ-ге келгеніме өкінбеймін. Мұнда мен неғұрлым ақылды, досшыл, өзіме сенімді болдым. Ал бұл қасиеттер болашағымдағы игі бастамаларға кең жол ашады.

 

 

 

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Казахстанско-Американский Свободный Университет (КАСУ, ВУЗ). Все права защищены.

Республика Казахстан, ВКО, г. Усть-Каменогорск, 070000, ул. М. Горького, 76

+7(7232)500-300 +7(7232)505-030  +7(7232)50-50-10 +7(7232)50-50-20

kafu_ukg@mail.ru